Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Пилоттық режимде Қытай – Орталық Азия және Қытай – Еуропа бағыттары бойынша теміржол көлігімен тасымалданатын жүктердің транзиттік декларацияларын автоматты түрде беру және шығару үшін Тez Сustoms цифрлық платформасы енгізілді.
Жобаны ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен PSA International-Global DTC әлемдік порт операторының еншілес компаниясымен бірлесіп іске асыруда.
2023 жылдың 9 желтоқсанынан бастап пилоттық жоба Алтынкөл – Сарыағаш бағдары бойынша Өзбекстан бағытында іске қосылды. Ол бойынша Алтынкөл станциясында 109 транзиттік декларация автоматты режимде шығарылды және ресімделді, барлық декларациялар бойынша транзит Сарыағаш станциясында сәтті аяқталды.
Өткен жылдың 27 желтоқсанында платформа Достық – Брест Северный бағдары бойынша іске қосылды, 52 транзиттік декларация ресімделіп, оларды Беларусь Республикасының кеден қызметі электронды түрде алды және олар бойынша транзитті аяқтады.
Пилоттың алғашқы нәтижелері транзитті электронды декларациялау және кедендік шығару процесіне 30 минут ішінде қол жеткізу болды.
Пилот өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгенге және транзитке тартылған ЕАЭО елдерінің жалпы шешімі қабылданғанға дейін жалғасатын болады.
Tez Сustoms платформасы алдын ала ақпаратты дайындауды, транзиттік декларацияларды автоматты тіркеуді және шығаруды қоса алғанда, кедендік транзитті қағазсыз ресімдеу процесін автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Бұл ретте МКК ақпараттық жүйесі контейнерлердің келуі мен кетуі туралы автоматты ақпарат алады, ал темір жол жүйесі – декларацияның шығарылуы және транзиттің аяқталуы туралы электрондық хабарлама алады, бұл қағаз декларацияларды ұсынбай жүкті одан әрі жөнелтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Tez Customs–DTC-Digital Trade Сorridor платформасының модульдерінің бірі. DTC платформасы мультимодальды тасымалдаулар үшін жіксіз цифрлық құжат айналымын қамтамасыз ету және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамытуды ынталандыру мақсатында әзірленген. Платформа ТХКБ елдерінің барлық қатысушылары – Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркия үшін құжат айналымын цифрландыруды қамтамасыз етеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»