Главная Новости Кіл жүйрікте кім жүйрік?
10 желтоқсан 2021, 15:46 1576

Кіл жүйрікте кім жүйрік?

Кіл жүйрікте кім жүйрік?

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік нысандарында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған спорттық сайыстар жалғасып жатыр. Ойындар тартыстқа толы. Әр кезең, әр спорт түрі өз жанкүйерлеріне әсерлі сәттер мен қызықты кезеңдерді тарту етуде.

Қаламқас кенорнындағы сайыстар да ашылу салтанатынан соң бірден бастау алды. Алғаш болып сегіз түрлі цех қызметкерлерінен құрылған шағын футбол командалары бақ пен бабын таластырды. Екі топқа бөлінген командалар өз ара топ жеңімпаздарын іріктеп, ширек финалда жеңімпаздар қатары анықталды.

Алғаш болып ширек финал ойындарына алдын ала су айыру учаскесі командасы мен №4 мұнай және газ өндіру цехы командасы қатысып, алдын ала су айыру учаскесі командасы 3:0 есебімен жеіңске жетті. Екінші ширек финал ойынында әкімшілік басқару персоналы командасы №1 мұнай және газ өндіру цехы командасымен кездесіп 3:1 есебімен басым түсті.

Осылайша Қаламқас шағын-футбол командалары арасындағы басты ойынға әкімшілік басқару персоналы командасы мен алдын ала су айыру учаскесі командасы жолдама алып, аса тартысты өткен кездесу нәтижесінде 2:1 есебімен алдын ала су айыру учаскесі командасы ел Тәуелсіздігі 30 жылдығына арналған шағын-футбол турнирінің чемпионы атанды.

Үшінші орын иелерін айқындаған матч та қызықты сәттерге толы болды. Өз ара бап таластырған №4 мұнай және газ өндіру цехы мен №1 мұнай және газ өндіру цехы командалары арасындағы ойынға бөлінген негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталып, жеңімпазды анықтау үшін пенальтилер сериясы тағайындалды. Футбол лоторесы аталып кеткен сынақта №4 мұнай және газ өндіру цехы ойыншыларының шеберлігі басым түсіп, олар турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

Қазіргі кезде үстел теннисінен өткен сайыс жеңімпаздары да анықталды:

  • 1 орын – Сұлтангерей Тілегенов (ӘӘМД спорт нұсқаушы маман);
  • 2 орын – Ақберген Бекбергенов (№2 мұнай және газ өндіру цехының операторы);
  • 3 орын – Олег Сизов (электргазбен дәнекерлеуші ПЖПЖЦ).

Алдағы уақытта, желтоқсан айының 12-13 жұлдызы күндері волейбол командалары арасындағы сайыстар өтеді. Оған 9 команда қатысуға ниет білдірген. Одан бөлек, желтоқсан айының 13 жұлдызы күні қол күресінен сайыстар өтеді деп жоспарланған. 

Жетібай кенорнындағы сайыстар да мәреге жақындап қалды. Қазіргі уақытта командалық ойындар жеңімпаздары анықталып тұр.

Шағын-футбол бойынша өткен матчтарда 9 команда бақ сынап, №3 мұнай және газ өндіру цехы финалдық кездесуде ПЖПЦП командасынан 1:0 есебімен басым түсіп, жеңімпаз атанды. Есеп айырмашылығының шамалы екеніне қарасақ, шешуші ойында екі команда да жағары деңгейдегі ойын көрсеткенін байқау қиын емес. ПЖПЦП командасы екінші орынға табан тәрегенімен, лайқты деңгейдегі дайындықпен келгенін көрсете білді.

Шағын-футбол турнирінің қола жүлдесі №3 мұнай және газ өндіру цехы командасына бұйырды. Олар қабат қысымын ұстау цехы командасымен кездесіп, 4:1 есебімен айқын жеңіске қол жеткізді.

Сонымен қатар, №3 мұнай және газ өндіру цехы командасы жетібайлық мұнайшылар арасында өткен волейбол сайысында чемпиондық мінберге көтерілді. Олар финалдық кездесуде №1 мұнай және газ өндіру цехы командасынан басым түскен. Ал қола жүлде әкімшілік басқару персоналы командасының еншісінде. Олар №2 мұнай және газ өндіру цехы командасымен кездесіп, екі кезеңнің қорытындысы бойынша 2:0 есебімен жеңіске қол жеткізді.

Дәл қазіргі кезде үстел теннисі мен қазақ күресінен жарыстар өтіп жатыр. Олар туралы хабарлар алдағы уақытта назарларыңызға тартылатын болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: