Главная Новости KLPE басшысы: Зауыт құрылысына жұмсалған қаржы ел қазынасына қайтады
06 желтоқсан 2022, 09:13 935

KLPE басшысы: Зауыт құрылысына жұмсалған қаржы ел қазынасына қайтады

KLPE басшысы: Зауыт құрылысына жұмсалған қаржы ел қазынасына қайтады

«KLPE» ЖШС Басқарма төрағасы Диаз Диянов SK NEWS порталына берген сұхбатында Қазақстанда жүзеге асырылатын полиэтилен өндірісі туралы айтып берді.

Компания басшысының айтуынша, полиэтилен өндірісінде Теңіз кен орнындағы ілеспе газ қолданылады. Тек бұл газ алдын ала газ сепарациялық кешенде (ГСК) қажетті көлем мен сапаға жеткізіліп дайындалады.

«Теңізшевройл компаниясымен келісімге 2020 жылы қол қойылды. Жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, техникалық экономикалық негіздемесі жазылды. Құрғақ газ өндіретін қуаттылығы 9,1 млрд текше метр ГСК  ТШО аумағында орналасады. Бұл өндіріске қажетті шикізатты тұрақты әрі үздіксіз жеткізіп отыруға қолайлы», – деді Диаз Диянов.

«KLPE» ЖШС Басқарма төрағасы жоба құнын да атады. ГСК құрылысының жобасы 2,2 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр. Қаржыландыру Ұлттық қордан жылдық 3 пайызбен қаржы алу арқылы жүзеге асырылады.

«Бұл – қарыз, яғни біз қаражатты қайтарымды негізде аламыз. Меніңше, бұл қалыпты тәжірибе. Қазақстанның ақшасы Қазақстанның меншігінде қалатын зауыт құрылысына жұмсалып қана қоймай, мемлекетке пайызбен бюджетті қайтарады», – деді Диаз Диянов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: