Главная Новости KLPE жылына 1250 мың тонна полиэтилен өндіреді
05 желтоқсан 2022, 11:58 1953

KLPE жылына 1250 мың тонна полиэтилен өндіреді

KLPE жылына 1250 мың тонна полиэтилен өндіреді

«KLPE» ЖШС Басқарма төрағасы Диаз Диянов SK NEWS порталына берген сұхбатында Қазақстандағы газ өндірісі саласындағы жаңа жоба туралы әңгімеледі.

Компания басшысының айтуынша, Қазақстанда сонау 1993 жылы-ақ газ ресурстарын қайта терең өңдеу арқылы жоғары сапалы өнім алу жөнінде идея көтерілген. Теңіз кен орнына игерудің алғашқы кезеңінен бастап «Теңізшевройл» ЖШС компаниясымен жасалған келісімшарттардың бәрінде мұнай өндірісі барысында шығатын ілеспе газды Қазақстанның мұнай-газ қажеттіліктері үшін жеңілдікпен жеткізу туралы арнайы баптар жазылған болатын.

«Алайда, мұнай-газ жобаларын іске асыру туралы шешімдер тек 2008 жылы қабылданды. Қазақстан Республикасында мұнай-газ жобаларын жүзеге асырудың 2008-2013 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, полипропилен (жылына 400 мың тонна) және полиэтилен (жылына 800 мың тонна) өндіретін бірегей кешен салу жоспарланды. Алайда бұл жоба қомақты қаражатты талап ететіндіктен, оны екіге бөліп, кезең-кезеңімен жүзеге асыру туралы шешім қабылданды», – дейді Диаз Диянов.

«KLPE» ЖШС басшысының айтуынша, Қазақстанда полипропилен өндірісімен Атырау облысындағы «Kazakhstan Petrochemical Industries (KPI)» ЖШС компаниясы айналысты. Полипропилен өндірісі үшін Теңіз кен орнындағы ілеспе газ құрамындағы пропан газы пайдаланылған.

Ендігі кезекте, яғни полиэтилен өндірісінде этан газы қолданылады. Бұл жобамен «KLPE» ЖШС айналысады. Жоспар бойынша компания жылына 1250 мың тонна өндіреді. Шикізат ретінде жылына 1,6 млн тонна этан қолданылады деп жоспарланған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: