Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да инвесторлардың, сарапшылардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция форматында жиын өтіп, оның барысында компанияның 2025 жылы атқарған жұмысының операциялық және қаржылық нәтижелері ұсынылды.
— 2024 жылмен салыстырғанда былтыр мұнай бағасының түсуіне және әлемдік энергетика нарықтарының құбылмалы болуына қарамастан, ҚазМұнайГаз өз жұмысының тиімділігін көрсете отырып, жақсы операциялық және қаржылық нәтижелер көрсетті. Жалпы, ұлттық компания ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. ҚМГ ресурстық базаны толықтыру әрі молайту үшін геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізеді, ұзақ мерзімді өсімнің негізін қалыптастыра отырып, өңірлерде ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда, — деді ҚМГ басшысы Асхат Хасенов.
Айта кетсек, 2025 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру ҚМГ үлесіне 10% артып, 26,2 млн тоннаны құрады. Газ өндіру шамамен 20%, яғни 11,45 млрд текше метрге дейін өсті.
Мұнайды құбыр және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 83,3 млн тоннаны құрады. Компания мұнай жеткізудің қосымша бағыттарын дамытуды жалғастыруда.
ҚазМұнайГаздың мұнай өңдеу зауыттары ең жоғары тарихи көрсеткіштерге қол жеткізді. Қазақстандық және румыниялық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеудің жалпы көлемі 21 млн тоннаны құрады. Бұл ретте операциялық тиімділікті арттыру есебінен еліміздегі үш МӨЗ бойынша жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 78% жетті, бұл 2024 жылғы деңгейден 4% жоғары.

Компанияның 2025 жылғы қаржылық нәтижелері де бизнестің тұрақтылығын көрсетеді. ҚМГ түсімі 12,5% ұлғайып, 9,4 трлн теңгені құраса, EBITDA көрсеткіші 20% артып, 2,4 трлн теңгеге жетті.
Компанияның нарықтық капиталдандыруы артты. 2025 жылдың ішінде ҚазМұнайГаз акцияларының бағасы бір жарым есеге жуық өсті, бұл инвесторлар тарапынан компанияның стратегиясы мен даму перспективаларына деген жоғары қызығушылығы мен сенімін растайды.
Сонымен қатар бейнеконференция барысында биылғы дамудың басым бағыттары белгіленді.
Іс-шара қорытындысы бойынша сұрақ-жауап сессиясы өтіп, ұлттық компания басшылығы қызметтің негізгі бағыттары бойынша қосымша түсініктемелер берді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
240
19 марта 10:08
В Жамбылской области дали старт строительству ветропарка «Мирный» мощностью 1 ГВт