Главная Новости ҚМГ: Адамдар — басты құндылығымыз
29 наурыз 2024, 09:20 606

ҚМГ: Адамдар — басты құндылығымыз

ҚМГ: Адамдар — басты құндылығымыз

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қойма өкілдері қауіпті инфрақұрылым объектілерінде жұмыс істеу үшін арнайы рұқсаттар алу үшін тиісті оқытудан өтеді және мұнай өнімдерімен жұмыс істеу кезінде есеп айырысу стандарттарын, қағидалары мен әдістемелерін меңгереді.

«Біз қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, кез келген ауа райы жағдайында инфрақұрылым нысандарында жұмыс істейміз. Сақтау қоймаларында мұнай өнімдері бар вагон-цистерналарды қабылдауды қамтамасыз етеміз, оған темір жол станциясында құжаттарды ресімдеу, вагоннан өнімнің саны, тығыздығы мен температурасының көрсеткіштерін өлшеу және тіркеу, мұнай базасының зертханашылары келіп түсетін мұнай өнімінің әрбір партиясының тазалығын алғашқы тексеру процессіне қатысу, қабылдау актілерін тәмамдау, қабылдау және төгу кезінде толық талдау алу үшін аккредиттелген зертханаға сынамаларды іріктеу және жіберу кіреді. Еліміздің әуежайларында біз контрагенттердің әуе кемелерін «қанатқа» құю арқылы авиаотынды өткізуге байланысты құжат айналымына күнделікті бақылау жүргіземіз», — дейді Мейрамбек Ермағамбетов, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС өкілі, қоймашы.

«Бұдан басқа, біз қоймаға мұнай өнімдерін құю және автоцистерналармен шығару процесін қамтамасыз етеміз және бақылаймыз, оған құйылған өнімнің мөлшерін, тығыздығы мен температурасын анықтау, тауар-көлік жүкқұжаттарын ресімдеу, контрагенттердің, оның ішінде ҚР Қарулы күштері мен арнаулы мемлекеттік органдарының атына өткізілетін мұнай өнімдерінің мөлшерін реттеу кіреді. Бұл олардың үздіксіз қызметі және қойылған міндеттерді уақтылы орындауын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, жұмыс барысында біз мұнай өнімдерінің сапасын растау үшін мұнай базаларындағы зертханалар мен тәуелсіз зертханалардың қызметіне жүгінеміз», — деп толықтырды Асқар Әлімбаев, «Әулие-ата халықаралық әуежайы» АҚ «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС өкілі, қоймашы.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: