Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) америкалық National Airlines компаниясымен әуе кемелерінің «қанатына» жанармай құю қызметін көрсету туралы шарт жасасты. Осы құжат аясындағы алғашқы рейс ретінде Гонконг – Түркістан – Амстердам бағыты бойынша қатынаған Boeing 777 жүк ұшағына биыл 16 қазанда Түркістан халықаралық әуежайында қызмет көрсетілді.
Келісім ҚМГ-Аэро жұмыс істейтін Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Түркістан әуежайларын қамтиды. Бұл тасымалдаушы компанияға еліміздің әр өңірінде бір жанармай жеткізушісінің қызметін пайдаланып, рейстерін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Орталық Азия арқылы ұзақ қашықтыққа жүк тасымалдайтын әуе компаниялары үшін жанармай сапасы мен оны жеткізу тұрақтылығы маңызды рөл атқарады.
Американың ірі операторымен ынтымақтастық орнату – бұл шетел әуе компанияларына көрсетілетін қызметтердің географиясын кеңейтуге және қазақстандық әуежайлардың халықаралық жүк тасымалы нарығындағы позициясын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Түркістан халықаралық әуежайы жоғары стандарттарға сай заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған және еліміздің оңтүстігінде жүк көлемінің артуына байланысты оны өңдеуге қажетті барлық мүмкіндікке ие.
Жаңа халықаралық әуе тасымалдаушыларын тарту өңірдің транзиттік әлеуетін арттырады. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында экономиканың көлік-логистика саласын дамыту және Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі сенімді авиациялық хаб ретіндегі рөлін нығайту жөніндегі жүйелі шаралар аясында жүргізілуде. ҚМГ-Аэро халықаралық әуе компанияларымен серіктестікті кеңейтуді жалғастырады.
Қазіргі уақытта ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы 50-ге жуық шетелдік әуе тасымалдаушысына қызмет көрсетіп келеді.
Анықтама: National Airlines – штаб-пәтері Орландо қаласында орналасқан (Флорида штаты) америкалық әуе компаниясы. Ол жүк және жолаушыларға арналған чартерлік рейстерді орындаумен айналысады. Әуе паркінде Boeing 747 және Boeing 777 үлгісіндегі кең фюзеляжды жүк ұшақтары бар. Компания коммерциялық, ірі көлемді және арнайы жүктерді тасымалдайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
213
12 октября 18:15
Женский клуб АлЭС: впечатления и новые знания