Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚМГ-Аэро халықаралық әуе компанияларды тартуды жалғастыруда: Алматы әуежайында Thai AirAsia X рейстері отынмен қамтамасыз етіле бастады
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Тай елінің Thai AirAsia X әуе компаниясымен келісімшарт жасасып, Алматы – Бангкок бағыты бойынша жолаушылар рейстерін тұрақты орындайтын әуе кемелеріне жанармай құя бастады. Келісім аясында ҚМГ-ның еншілес компаниясы Алматы халықаралық әуежайында барлық процедуралардың авиациялық қауіпсіздіктің, отын сапасы мен операциялық тиімділіктің әлемдік стандарттарына сай «ұшақ қанатына» жанармай құюды қамтамасыз етеді.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ірі тасымалдаушылардың біріне қызмет көрсету — халықаралық авиакомпаниялардың тарапынан Қазақстан нарығына қызығушылықтың тұрақты өсуіне және Алматыдан ұшатын маршруттық желінің кеңеюіне ықпал етеді. Қол жеткізілген уағдаластықтар еліміздегі халықаралық авиатасымалдаушылар үшін авиаотын құнын төмендетудің және еліміздегі негізгі авиациялық торабында отынмен қамтамасыз ету жағдайларының бәсекеге қабілетті болуын арттырудың арқасында мүмкін болды.
Қолға алынып, іске асып жатқан шаралар — Мемлекет басшысының елдегі көлік-логистиканың әлеуетін дамытуға, отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және шетел авиакомпанияларын тарту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған тапсырмаларын орындау аясындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.
— ҚМГ-Аэро ҚР Үкіметінің қолдауымен жетекші халықаралық тасымалдаушылармен ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстан әуежайларында авиаотынмен қамтамасыз етудің ашық, тұрақты және бәсекеге қабілетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыруда. Шетелдік тасымалдаушылар өздерінің маршруттық желісін кеңейтудің нүктесі ретінде еліміздің әуежайларын таңдағаны біз үшін маңызды. Біз, өз кезегінде, жанармай құю операцияларының тұрақтылығын, қауіпсіздігін және жоғары сапасын қамтамасыз етеміз, — деді ҚМГ-Аэро компаниясында.
Thai AirAsia X — Тай елінің авиакомпаниясы. AirAsia тобына кіреді. Тасымалдаушы Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, ҚХР және Таяу Шығыс елдеріне рейстерді тұрақты орындайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚМГ-Аэро SpaceBee Airlines, AZAL Azerbaijan Airlines, My Freighter Airlines пен Easy Charter, сондай-ақ Turkish Airlines компанияларымен Алматы әуежайында әуе кемелерінің «ұшақ қанатына» отын құюға келісімшарттар жасасқан болатын.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
153
18 февраля 14:08
KMG PetroChem ГСК жобасы аясында Жылыой тұрғындары жұмыспен қамтылады