Главная Новости ҚМГ басшылығы Геологиялық барлау бағдарламасын геолог ғалымдармен талқылады
09 августа 2025, 17:14 334

ҚМГ басшылығы Геологиялық барлау бағдарламасын геолог ғалымдармен талқылады

ҚМГ басшылығы Геологиялық барлау бағдарламасын геолог ғалымдармен талқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) геологиялық барлау қызметіне қатысты кеңейтілген жұмыс отырысы өтті. Іс-шараға ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚМГ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев, еншілес компаниялардың мамандары, сондай-ақ Қазақстан мен таяу шетелдің геология саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылары қатысты.

ҚазМұнайГаз үшін өз қызметінде еңбек сіңірген геолог ғалымдардың жинақталған мол тарихи тәжірибесі мен білімін пайдалану аса маңызды. Осыған орай отырысқа шақырылған сарапшылардың қатарында геология-минералогия ғылымдарының докторлары Юрий Волож, Хайырлы Әбілқасымов, Игорь Орешкин және Сергей Хафизов, сондай-ақ Қазақстанның жер қойнауының құрметті барлаушысы Базар Есқожа болды. Қатысушылар ҚМГ-ның Геологиялық барлау бағдарламасын талқылады:

Атап айтқанда, ҚМГ-ның жұмыс істеп тұрған активтерінде жүргізілген геологиялық барлау іс-шараларының нәтижелері және жаңа перспективті жобалар бойынша алдағы жоспарлар қаралды.

 


Жер қойнауын геологиялық зерттеу мәселесіне – ҚМГ белсенді іске асырып жатқан бағдарламаға ерекше назар аударылды. Терең ұңғымаларды бұрғылау, оның ішінде Қаратон Подсолевой және Торғай Палеозой жобалары бойынша, сондай-ақ зерттелмеген шөгінді бассейндер аумағында іздеу географиясын кеңейтуді қоса алғанда, жаңа учаскелерде терең ұңғымаларды бұрғылау мәселелері жан-жақты қаралды.

Енгізіліп жатқан заманауи озық іздеу технологияларының, әдістемелік тәсілдердің және кешенді жоспарлаудың аспектілері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚМГ-ның геологиялық барлау саласындағы стратегиясын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Бұл ұсыныстар компанияның ағымдағы міндеттерін де, отандық мұнай-газ кешенін дамытудың ұзақ мерзімді бағыттарын да қамтиды.

Ресурстық базаны толықтыру – ҚМГ-ның басты стратегиялық міндеттерінің бірі. Геологиялық барлау қызметі мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізілуде:

ҚМГ-ның барлау активтерін дамыту. Компанияның портфелінде 13 барлау жобасы бар. Оларды ҚМГ өзі және ENI, Lukoil, CNOOC, SINOPEC, Татнефть және т.б. халықаралық серіктестерді тарта отырып жүзеге асыруда. 2025 жылы 8 іздестіру ұңғымасын бұрғылау көзделіп отыр, 2026 жылға тағы да алтауы жоспарланған. ҚМГ-ның міндеті – алдағы 5-7 жылда геологиялық барлау активтерінің негізгі портфелі бойынша қорды 178 млн тонна мұнай көлемінде өсіру.

Тағы бір маңызды міндет – жұмыс істеп тұрған кен орындарын қосымша барлау, бұл жұмыс өндіруші активтерді пайдалануын қолдауға ықпал етеді. Мысалы, Өзен кен орнында (Маңғыстау облысы) палеозой көкжиектерін бұрғылау жоспарлануда, Қаражанбас кен орнын (Маңғыстау облысы) қосымша барлау жұмыстары жүргізілуде, Қаражар учаскесінде (Ақтөбе облысы) бұрғылау жұмыстары жүріп жатыр.

ҚМГ үлкен тереңдіктегі нысандарды зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Мысалы, Торғай Палеозой (Қызылорда облысы) жобасында 5 585 м тереңдікті бұрғылау нәтижесі бойынша терең жатқан көкжиектердің перспективасы туралы жаңа деректер алынды. Қызылорда облысында қорлардың сарқылуын ескерсек, бұл жоба ҚМГ-ның жаңа мүмкіндіктерін анықтауға және жалпы өңірді дамытуға елеулі үлес қосады. ҚМГ алынған деректерді пайдалана отырып, Қызылорда өңірінде геологиялық барлау қызметін жалғастырады.

Қаратон Подсолевой (Атырау облысы) жобасы «Татнефть» ЖАҚ серіктесімен бірлесіп жүзеге асырылуда. 5 500 м тереңдіктегі бұрғылау тұзды шөгінділерді зерттеуге бағытталған.

Жылыой учаскесі (Атырау облысы) бойынша жаңа келісімшарт жасалды, онда Қытайдың CNOOC компаниясымен бірлесіп (елімізге алғаш рет инвестиция құяды), тереңдігі 4 500 м ұңғыманы бұрғылау жоспарланған.

Березовский (Батыс Қазақстан облысы) перспективті учаскесі бойынша барлау және өндіру келісімшартына қол қою күтілуде, онда Sinopec-пен бірлесіп 7 000 м терең ұңғыманы бұрғылау жоспарлануда.

Республиканың аз зерттелген аумақтары шегінде жер қойнауын геологиялық зерттеу. ҚМГ-ның геологиялық қызметі еліміздің барлық негізгі шөгінді алаптарын – Маңғышлақ, Үстірт-Бозашы, Каспий маңы, Оңтүстік Торғай және Шу-Сарысу бассейндерін кешенді талдау бойынша жұмыс жүргізіп, ел аумағының үштен бірі бөлігін цифрлық өңірлік модельдермен қамтыды. Ұлттық компанияның геологтары Қазақстанның шөгінді алаптарының мүмкіндігі әлі толық ашылмаған деген қорытындыға келді.

Осы мақсатта жер қойнауын геологиялық зерттеудің 8 жаңа жобасы жасақталды, оның аясында ҚМГ жаңа перспективті мұнай-газ учаскелерін анықтау үшін Қазақстанның түрлі облыстарында (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ұлытау) геологиялық зерттеу жұмыстарын арттыруға инвестиция құятын болады. Биыл бұл алаңдарда далалық сейсмикалық барлау және бұрғылау жұмыстары кезең-кезеңімен басталады. Барлық іске асырылып жатқан геологиялық барлау жобаларының әлеуеті шамамен 800 млн тонна мұнай эквивалентін құрайды және алдағы іздестіру бұрғылау іс-шараларының нәтижелері бойынша нақтыланады.

Осылайша ҚМГ елдің минералды-шикізат базасын тұрақты дамытуға бағытталған кешенді стратегияны іске асыруды жалғастыруда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: