Главная Новости ҚМГ басшысы: Жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуды ерекше назарда ұстаймыз
07 февраля 2025, 11:12 1674

ҚМГ басшысы: Жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуды ерекше назарда ұстаймыз

ҚМГ басшысы:  Жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуды ерекше назарда ұстаймыз

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Өзенмұнайгаз» АҚ-да (ӨМГ) болды. ҚМГ басшысы кәсіпорынның өндірістік объектілері: Өндірістік техникалық камту және жабдықтармен жинақтау басқармасы, Жерасты жабдықтарын диагностикалау және жөндеу цехы, №4 Теңіз су сорғы станциясы, №2 МГӨБ-тің (Мұнай газ өндіру басқармасы) сорғы-компрессорлық құбырлары мен штангаларын депарафинизациялауға арналған ваннасына барып, жұмысшылардың қауіпсіздігі мен еңбек жағдайын жақсартатын өндірістік қызмет көрсету базасының құрылыс барысымен танысты.

Өзенмұнайгазда өткен кеңесте 2024 жылдың жұмыс қорытындысы талқыланып, 2025 жылға арналған міндеттер қаралды. 2024 жылы ӨМГ 5 млн 93 мың тоннадан астам мұнай өндірді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 222 мың тоннаға (4,5%) артық. Ағымдағы жылға арналған мұнай өндіру жоспары - 5 млн 253 мың тонна. Өндірудің қосымша көлемін қамтамасыз ету үшін жаңа ұңғымаларды бұрғылау, заманауи технологияларды енгізу, жөндеу кезеңін ұлғайту және инфрақұрылым мен автоматтандыру жүйелерін жаңғыртуды көздейтін Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасы жалғасуда.

Жиын қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы операциялық тиімділікті арттыруды, геологиялық-техникалық іс-шараларды сапалы орындауды және шығындарды оңтайландыруды тапсырды. А.Хасенов Жаңаөзендегі жаңа мұнай өңдеу зауыты, Кендірлідегі теңіз суын тұшыту зауытының құрылыс барысы туралы есепті тыңдап, жобаларды жедел бітіру жөнінде тапсырма берді.

 

Бұл күні ҚМГ басшысы ӨМГ кәсіподақтары мен мұнай сервисі кәсіпорындарының өкілдерімен кездесті. Қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту жөніндегі Жол картасының, сондай-ақ мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын, арнайы техника мен автокөліктерді жаңарту бойынша жоспардың орындалу барысы қаралды. А.Хасенов ҚМГ жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға және Жаңаөзенде әлеуметтік жобаларды іске асыруға ерекше назар аударатынын атап өтті.

Жаңаөзенде «Bolashaq Sarayi» оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатыр. Бұл орталық балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Ауданы 3000 шаршы метрді құрайтын кешен балалардың білім алуына және шығармашылықпен айналысуына заман талабына сай мүмкіндіктер ұсынады. Жаңа Оқушылар сарайына күніне 350-ден астам бала бара алады. ҚМГ басшысы әлеуметтік нысанды уақытылы іске қосуды тапсырды. Сондай-ақ Жаңаөзенде жаңа орталық кітапхана салу жоспарда бар. Сонымен қатар ҚМГ қолдауымен бой көтерген Жаңаөзеннің заманауи медициналық орталығына басқа өңірлерден шақырылған жас дәрігерлерге де көмек көрсетілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: