Главная Новости ҚМГ басшысы Air Liquide басшылығымен ПМХЗ-да сутегі қондырғысын салу жобасын талқылады
30 сәуір 2024, 17:17 315

ҚМГ басшысы Air Liquide басшылығымен ПМХЗ-да сутегі қондырғысын салу жобасын талқылады

ҚМГ басшысы Air Liquide басшылығымен ПМХЗ-да сутегі қондырғысын салу жобасын талқылады

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Air Liquide компаниясының вице-президенті Филипп Кристодулумен кездесті.

Тараптар Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) сутегі қондырғысын салу туралы бірлескен жобаның бүгінгі мәртебесін қарады.

ҚМГ мен Air Liquide Eastern Europe S.A арасындағы ынтымақтастық туралы келісім 2022 жылдың қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аясында жасалған болатын. Былтыр Астана халықаралық форумы барысында тараптар жобаның ресми басталғаны туралы құжатқа қол қойды. Сутегі өндірісіне арналған қондырғы ПМХЗ-ға жыл сайын 160 мың тоннаға жуық қысқы дизель отынын шығаруға мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» Air Liquide компаниясының еліміздегі көп жылғы қызметінің нәтижесінде орнаған өзара тиімді ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Біз француз серіктестерімізбен мұнай өңдеудегі жобалар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытуды көздейміз», - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: