Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «ЭксонМобил Апстрим Компани» аға вице-президенті Джон Уиланмен және «ЭксонМобил Қазақстан Инк» компаниясының басқарушы директоры Сесиль Ролинмен кездесті.
Тараптар Теңіз және Қашаған кен орындарын игеру барысын талқылады. «Теңізшевройл» компаниясы (ТШО) Теңіз кен орнында Болашақ кеңейту жобасы/ Сағалық қысымды басқару жобасы (БҚЖ/СҚБЖ) бойынша биыл СҚБЖ нысандарын пайдалана бастады.
Асхат Хасенов Қашаған кен орнын игеру мәселелеріне тоқтала келе, ҚазМұнайГаз үшін кен орнын одан әрі игеру аясындағы жобалар бойынша (екі газ зауытын салу және өндіру көлемін арттыру) бұдан бұрын белгіленген мерзімдерді сақтаудың стратегиялық маңызын атап өтті. Жобаларды сәтті іске асыру үшін барлық серіктестер, соның ішінде ЭксонМобил компаниясы жедел шешім қабылдап, бірлесіп әрекет етуі тиіс.
«Бұл жобалар өзара ынтымақтастығымыздың жаңа перспективаларына жол ашады және Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына ықпал етеді. Сондықтан қолға алынған жобалар уақытылы іске асырылуы тиіс», - деп атап өтті ҚМГ басшысы.
Сонымен қатар кездесуде Теңіз және Қашаған жобаларының қажеттілігі үшін тауарлар өндірісін локализациялауға бағытталған жергілікті қамту мәселелері қаралды.
2023 жылы отандық жеткізушілермен жасалған келісімшарттар бойынша ТШО-ның жалпы төлемдері 3,9 млрд долларды құрады (жалпы көлемнің 71%). 2024 жылдың алғашқы алты айында қазақстандық қамту деңгейі 70%-ға жетті.
Жергілікті қамту бойынша NCOC (Қашаған операторы) жалпы төлемдері 2004-2023 жылдар аралығында 17 млрд доллардан асты. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық жеткізушілердің үлесі – 62%-дан астам.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҚМГ мен ЭксонМобил арасында орнаған табысты серіктестікті жалғастыруға сенім білдірді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
70
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
79
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы