Главная Новости ҚМГ басшысы еншілес кәсіпорындардың операциялық тиімділігін арттыру бойынша кеңес өткізді
31 желтоқсан 2024, 12:31 470

ҚМГ басшысы еншілес кәсіпорындардың операциялық тиімділігін арттыру бойынша кеңес өткізді

ҚМГ басшысы еншілес кәсіпорындардың операциялық тиімділігін арттыру бойынша кеңес өткізді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында мұнай-газ өндіруші ұйымдар, мұнай өңдеу зауыттары өкілдерінің және т.б. қатысуымен аймақтық кеңес өткізді: «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, «KMG Petrochem» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС, «KPI Inc» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ҚМГ Аэро» ЖШС, «KMG-Security» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС, «ПҚОП» ЖШС, KMG International.

Жиында биылғы 11 айдың қаржылық және өндірістік көрсеткіштері, 2025 жылға арналған жоспарлар, сондай-ақ операциялық тиімділікті арттыру жөніндегі шаралар қаралды.

Өндіруші компанияларға мұнай өндіруді ұлғайтуды қамтамасыз ететін технологияларды іздеу және енгізу, операциялық шығындарды қысқарту бойынша нақты міндеттер қойылды.

Мұнай өңдеу зауыттары жеңіл мұнай өнімдерінің шығымдылығын, процестердің сенімділігі мен энергия тиімділігін арттыру үшін жұмыс істеуі керек. Газ-химия жобаларының басты бағыты — күрделі салымдардың өсуіне жол бермей, қазақстандық қамту үлесін арттыру.

Келесі күні, 28 желтоқсанда, операциялық тиімділік бойынша кеңес Ақтауда өтті. «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, Dunga Operating Gmbh, «Caspi Bitum» БК» ЖШС, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС және мұнай сервисі кәсіпорындарының биылғы 11 айдағы қызметі қорытындыланды.

Асхат Хасенов геологиялық-техникалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, ұңғымалардың жөндеу аралық кезеңін ұлғайту, лифтинг-шығындар мен күрделі салымдарды оңтайландыру қажеттігін атап өтті.

Мұнай сервистік компаниялар бойынша көрсетілетін жұмыстың, атап айтқанда ұңғымаларды жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды күшейтуге баса назар аударылды.

Caspi Bitum зауыты белгіленген мерзімде битум өндіруді жылына 750 мың тоннаға дейін арттыру бойынша жұмысты аяқтауы тиіс.

Өндірістік тәртіпті сақтау және еңбекті ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: