Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚМГ еншілес кәсіпорны «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның жерасты жабдықтарын жөндеу және диагностика жасау цехына барды.
Аталған цех жылына 400 мың сорғы-компрессор құбырларды, 300 мың сорғы штангаларын, 10 мың штангалы терең сорғыларды жөндеуге мүмкіндік береді. Пайдалануға берілген 2012-2013 жылдары цехтың Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де баламасы болған жоқ. Алайда, жылдар өте келе жөндеу жабдықтарының тозуына байланысты оның жұмыс тиімділігі төмендеді. Жөндеу бригадаларына қабылдау көпірлері, превенторлар, гидрокілттер, спайдер секілді жабдықтар жетіспейтіні байқалады. Мұның барлығы ұңғымалардың тұрақты жұмысы мен қауіпсіздігіне әсер етеді.
Осыған байланысты «Жерасты жабдықтарын жөндеу және диагностика жасау цехын жаңғырту» жобасына сай, жөндеу жабдықтарын жаңарту жоспарланып отыр. ӨМГ бас директоры Нұрдәулет Килыбайдың айтуынша, жаңғырту жұмысы диагностика және жөндеу желісінің өнімділігін арттырады.

ҚМГ басшысы цех жұмысымен танысқаннан кейін «ӨзенМұнайСервис» ЖШС, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС, «КенҚұрылысСервис» ЖШС, «KMG EP» Catering» ЖШС, «Бұрғылау» ЖШС, «Кезби» ЖШС секілді Өзенмұнайгаздың басқа да мердігер ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Жиында қызмет көрсететін және жөндеу жұмыстарымен айналысатын ұйымдардағы еңбек ұжымдарының әлеуметтік жағдайы талқыланды.
«Еңбек ұжымдарымен қарым-қатынасты нығайтуға шақырамын, жұмысшылармен жиі кездесу өткізу аса маңызды. Өз ұйымдарымызда қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету – ортақ мақсатымыз», - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Бүгінгі таңда Өзенмұнайгазбен 30-дан астам мердігер ұйым жұмыс істейді. Жалпы, кәсіпорын жұмысына 20 мыңнан астам адам жұмылдырылған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
126
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»