Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзен қаласында өндіріс мәселелеріне қатысты жиындар өткізді.
Атап айтқанда, ҚМГ басшысы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да 2024 жылға арналған мұнай өндіру жоспарының орындалу барысы туралы есеп тыңдады. Қабат қысымын ұстап тұру жүйесі, ұңғымаларды жөндеу және геологиялық-техникалық іс-шаралар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасы талқыланды.
Мұнда ҚМГ басшысы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның бірқатар өндірістік нысандарын аралады.

Сонымен қатар А.Хасенов Кендірлі кентінде теңіз суын тұщыту зауытының құрылыс барысымен танысты. Қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын жаңа зауыт Жаңаөзенде ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Жобаны іске асыру «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырына техникалық жүктемені азайтуға да ықпал ететін болады.
«Кендерліде теңіз суын тұщыту зауытын салу – өңірді сумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жоба. Бұл жергілікті халықтың тұрмыс жағдайын жақсартып қана қоймай, Жаңаөзен қаласында өнеркәсіпті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті Асхат Хасенов.

Жалпы, аталған зауыты салу жұмыстарына 654 адам, 200-ден астам құрылыс машинасы мен механизмдер (соның ішінде автожол және теңіз түбін тереңдету техникасы) жұмылдырылды.
Зауыттың инженерлік инфрақұрылымы бойынша жұмыстар 76%-ға орындалды, соның ішінде ұзындығы 201 км магистральды су құбыры және ұзындығы 83 км жоғары вольтты электр энергиясын беру желісі 90%-дан астам орындалды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
77
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
85
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы