Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің Ақшабұлақ кен орнындағы өндірістік нысандарын, сондай-ақ «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-тың Құмкөл кен орнындағы нысандарын аралады. ҚМГ басшылығымен бірге нысандарға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та барды.
Мағзұм Мырзағалиев «Зияткер кен орны» жобасы аясында Ақшабұлақта ашылған жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Ол көмірсутек өндірісінде процестерді тиімді басқару үшін цифрландырудың маңызды екенін атап өтті.
«Қазгермұнай» компаниясының нысандарын аралау кезінде ҚМГ Басқарма Төрағасы кәсіпорын 2022 жылдың қорытындысы бойынша қойылған барлық міндетті орындағанын атап өтті. Ол кәсіпорынның тұрақты әрі апатсыз жұмысын қамтамасыз етуді және 2023 жылға арналған өндірістік бағдарламаны орындауды тапсырды.

Мағзұм Мырзағалиев сондай-ақ «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұжымын 2023 жылы компанияның құрылғанына 30 жыл толуына орай мерейтоймен құттықтады (1993 жылы 9 қазанда құрылған).
«Өндірістік бағдарлама толық орындалды, компания жақсы қаржылық-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізді, әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары деңгейін сақтап қалды және Қазақстандағы ең тиімді мұнай өндіруші ұйымдардың қатарынан қалмай келеді», – деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басшылығымен кездесуде ҚМГ Басқарма төрағасы кәсіпорын тиімділігінің жоғары деңгейін атап өтіп, компания Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінде ҚМГ-нің стратегиялық маңызды серіктесі екенін айтты. Сапар барысында Мағзұм Мырзағалиев «Торғай-Петролеум» АҚ газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысымен танысты.

«Компания басшылығы мен ұжымына жұмыс істеп тұрған қорлардың сарқылуын ескере отырып, геологиялық барлау жұмысын белсенді жүргізуді жалғастыру қажет, ұжымда әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары деңгейін сақтап, қойылған өндірістік міндеттерді орындау, сол арқылы компанияның тұрақты қаржылық-экономикалық жағдайын қамтамасыз ету маңызды», – деді ҚМГ Басқарма төрағасы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басшылығы мен ұжымына ұйымшылдығы мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін алғыс білдіре отырып.
Кеңес қорытындысы бойынша Мағзұм Мырзағалиев геологиялық барлау бағытындағы жұмысты жалғастыруды, кен орындарының тұрақты және апатсыз жұмысын қамтамасыз етуді, барлық экологиялық нормаларды сақтай отырып, өндірістік бағдарламаны орындауды тапсырды. Сондай-ақ, ол қызметкерлердің еңбегі, тұрмысы мен сауығуын қамтитын әлеуметтік саясатты одан әрі жүзеге асырудың маңызын атап өтті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
126
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»