Главная Новости ҚМГ басшысы «Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауытының құрылыс барысымен танысты
30 желтоқсан 2024, 15:33 452

ҚМГ басшысы «Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауытының құрылыс барысымен танысты

ҚМГ басшысы «Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауытының құрылыс барысымен танысты

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Кендірлі» су тұщыту зауытының (Тоқмақ елдімекені) құрылыс алаңына барды.

Қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын жаңа зауыт Жаңаөзенде және жақын маңдағы елдімекендерде ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған, сондай-ақ «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырына техникалық жүктемені азайтуға да ықпал ететін болады.

ҚМГ басшысы негізгі өндірістік ғимараттардың бірі – су тұщыту цехы, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар, бас сорғы станциясының және басқа да қосалқы алаңдардың құрылыс барысымен танысты.

«Жобаны іске асыру өңірді ауыз сумен қамтуды жақсарту жолындағы маңызды қадам болмақ. Бұл зауыт Жаңаөзен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады, сондай-ақ өңір өнеркәсібінің тұрақты дамуына ықпал ететін болады», - деп атап өтті Асхат Хасенов.

Ол сондай-ақ 2025 жылдың мамыр айының соңына дейін су тұщыту зауытын толық аяқтап, пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Зауытты салу жұмыстарына 654 адам, 200-ден астам құрылыс машинасы мен механизмдер (соның ішінде автожол және теңіз түбін тереңдету техникасы) жұмылдырылды.

Жаңаөзенге тұщытылған суды жеткізу үшін ұзындығы 201 км (2 тармақ) магистральды су құбырын және ұзындығы 80 км-ден астам электр беру желілерін салу жұмыстары аяқталды.

Зауытты пайдалану кезінде 116 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: