Главная Новости ҚМГ басшысы компанияның IPO аясындағы қызметі туралы баяндады
16 қараша 2022, 14:55 803

ҚМГ басшысы компанияның IPO аясындағы қызметі туралы баяндады

ҚМГ басшысы компанияның IPO аясындағы қызметі туралы баяндады

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің және ҚМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаевтың қатысуымен ҚМГ IPO-сына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Шарада спикерлер компанияның тұрақты қаржы жағдайы мен жоғары өндірістік көрсеткіштері туралы ақпарат беріп, болашақта компанияның кірісін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік беретін перспективалы жобалар жөнінде баяндады.

«ҚазМұнайГаздың» мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2021 жылы 21,7 млн тоннаға жетті, көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 18,9 млн тоннаны құрады. Компанияның шоғырландырылған активтері 32 миллиард долларға тең, акционерлік капитал 2022 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша 19 миллиард доллардан асты. 2022 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, компанияның таза пайдасы 677 млрд теңге (1 504 млн АҚШ доллары) болды, ал бос ақша ағымы – 188 млрд теңге (417 млн АҚШ доллары)», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Ол «ҚазМұнайГаздың» тұрақты қаржылық көрсеткіштері төленген дивиденд көлемін 2016 жылдың қорытындысы бойынша 45 млрд теңгеден 2021 жылы 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

ҚМГ басшысы компания қоржынында әртараптандырылған (өндіру, тасымал және өңдеу) мұнай-газ активтері бар екенін де айтты. Бұл ретте, болашақта «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы табысының өсуіне серпін беретін бірқатар бірегей жобалар да бар. Атап айтқанда, Теңіз кен орнында өндіруді қазіргі 27 млн тоннадан 40 млн тоннаға дейін, яғни 40%-ға ұлғайтуға мүмкіндік беретін Болашақ кеңейту жобасы, сондай-ақ Қашағанда өндірісті ұлғайту бойынша жобасы.

Халықаралық әріптестермен бірлесіп теңізде және құрлықта геологиялық барлау саласындағы жобалар да (Абай, Исатай, Жеңіс, Әл-Фараби) жүзеге асырылып жатыр. Компания бизнесінің өсуі үшін тағы бір маңызды бағыт – мұнай-газ химиясы. 8 қарашада қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен шығаруға жететін зауыт іске қосылды. Полиэтилен және бутадиен шығаратын зауыттар салу жоспарлануда.

ҚМГ басшысы компанияның отандық жеке инвесторлардың инвестициялық портфелінде лайықты орын алатынына сенім білдірді.

«IPO-ға шыққан сәттен бастап, біз үшін менеджмент ретінде және компаниямыз үшін дамудың жаңа кезеңі басталады. IPO арқылы барлық қазақстандықтың «ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алуға мүмкіндік алуын көздейміз. Және компаниямыздың инвесторлар үшін тартымды болуына, олардың инвестициялық портфелінде лайықты орын алуға бар күш-жігерімізді саламыз», – деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

2022 жылдың 7 қарашасында «Самұрық-Қазына» АҚ алғашқы жария ұсынысын жүзеге асыру ниеті туралы мәлімдеді. Оның аясында Қор «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 30 505 974 акциясын сатуға ұсынуға ниетті, бұл жалпы орналастырылған акция санының 5%-ын құрайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: