Главная Новости ҚМГ басшысы мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыттары қызметіне қатысты жиын өткізді
25 июля 2025, 16:46 302

ҚМГ басшысы мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыттары қызметіне қатысты жиын өткізді

ҚМГ басшысы мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыттары қызметіне қатысты жиын өткізді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚМГ-ның мұнай өңдеу және мұнай-химия бағыттарындағы негізгі активтерінің өндірістік қызметіне қатысты салалық жиналыс өткізді.

Жиында талқыланған басты мәселелер – операциялық тиімділікті арттыру, жеңіл мұнай өнімдерінің үлесін және өңдеу тереңдігін ұлғайту. Биылғы алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның үш жетекші мұнай өңдеу зауытының жұмысы айтарлықтай нәтиже көрсетті. Мұнай өңдеудің жалпы абсолютті көлемі 8,83 млн тоннаны құрады.

Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 685 мың тоннаға артық. 6,84 млн тоннаға жуық жеңіл мұнай өнімдері (бензин, дизель және авиаотын, сондай-ақ басқа да өнім түрлері) өндіріліп, өткен жылғы көрсеткіштен 893 мың тоннаға (4,44%) көп. Үш МӨЗ-де өңдеудің жиынтық тереңдігі 89,61%-ға жетті, ал жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 77,53% құрады. Бұл ретте технологиялық отынды жағу және қайтарымсыз шығын көлемі 0,78%-ға немесе 7 333 тоннаға азайды.

Атырау мұнай өңдеу зауыты 2,89 млн тоннаға жуық мұнай өңдеді. Зауыттың өңдеу тереңдігі 88,7%, ал жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 77,29% құрады. Айта кетейік, 2025 жылғы 1 мамырдан бастап зауыт мұнай өңдеу тарифін тоннасына 54 450 теңгеден 47 000 теңгеге дейін төмендетті. Кредиттік міндеттемелерді өтеу кестесін оңтайландыру есебінен қол жеткізілген бұл шешім нарықтың барлық қатысушылары үшін тең экономикалық жағдай жасауға ықпал етті. Сондай-ақ ҚМГ басшысына шикізатты баяулатып кокстеу қондырғысын жаңғырту және жоспарлы алдын алу жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндалды.

Павлодар мұнай-химия зауыты шамамен 2,87 млн тонна мұнай өңдеді. Өңдеу тереңдігі бойынша ең жоғары көрсеткішке – 91,81%, бұл ретте жеңіл мұнай өнімдерін шығару көрсеткіші 73,44% жетті. Кәсіпорын жоспарлы алдын алу жұмыстарын сәтті және белгіленген мерзімінен бұрын аяқтады.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты (ПҚОП) 3,07 млн тоннаға жуық мұнайды өңдеп, жалпы көлемнің өсуіне айтарлықтай үлес қосты. Кәсіпорында жеңіл мұнай өнімдерін шығару көрсеткіші 81,72%, өңдеу тереңдігі — 88,14% құрады. ПҚОП алдына өндіріс қуатын 12 млн тоннаға дейін ұлғайту бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды жеделдету міндеті қойылған. Жартыжылдықтың басты оқиғаларының бірі – «CASPI Bitum» БК» ЖШС зауытын жаңғырту жұмыстарының аяқталуы. Бүгінде кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,5 млн тоннаға дейін мұнай өңдеуге және 750 мың тонна битум шығаруға мүмкіндік береді. Зауыт жаңа қуатқа көшкеннен бастап екі ай ішінде 216 мың тоннадан астам мұнай өңдеп, 78 мың тоннадан астам битум өндіріп, еліміздің жол құрылысшыларын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз етті.

KPI газ-химия кешені де тұрақты динамиканы көрсетіп отыр. Бірінші жартыжылдықта 220 мың тоннаға жуық полипропилен өндіріліп, 13 марка игерілді. Бүгінде өнім ассортиментінде полипропиленнің 15 маркасы бар (2 марка омологацияда тұр, яғни өнім тұтынушылардың технологиялық және техникалық талаптарына сәйкестігі бойынша тексерілуде).

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: