Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мұнай өңдеу зауыттар жұмысының жоспардан тыс тоқтауы мен ондағы оқыс оқиғаларды алдын алу жөнінде жиын өткізді.
Компания төрағасы, ҚМГ мұнай өңдеу блогының және отандық МӨЗ басшылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мәселелерін талқылады.
Мағзұм Мырзағалиев ел Президенті МӨЗ қызметін бірнеше мәрте сынға алғанын атап айтты. Шілденің 14-і күні Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында МӨЗ-дердегі жоспардан тыс тоқтауы салдарынан жекелеген кезеңдегі мұнай өнімдерінің тапшылығы мәселесіне тоқталды.
«Зауыттар менеджменті өндіріс процесінің күрделілігіне және кез келген өндірісте сияқты штаттан тыс жағдайдардың сақталып отырған қауіпіне қарамастан, оқыс оқиғалар үшін қашанда жауапты болады. Мұнай өңдеу зауыттарының басшылары бұл мәселені үнемі қатаң бақылауда ұстап, қандай да бір қауіп-қатер кезінде шұғыл түрде тиісті шаралар қабылдауға тиіс», – деді ұлттық компания басшысы.

Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының басшылары оқыс оқиғаларды алдын алу және жабдықтың беріктігін арттыру бойынша қолға алынған шаралар туралы есеп берді. Сонымен қатар зауыттар менеджменті ҚМГ басшылығына 2020-2021 жылдары және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірісте болған оқыс оқиғалар мен тоқтап қалулардың талдауын ұсынды. Олардың берген мәліметі бойынша, 2020-2021 жылдары барлық үш МӨЗ-де тоқтап қалудың 401 фактісі тіркелген: АМӨЗ-де 341, оның 60-ы оқыс оқиға, ПМХЗ – 13, оның 10 оқыс оқиға, ПҚОП-та – 47, оның 11-і оқыс оқиға. Талдауда МӨЗ-дердің жоспарлы тоқтап қалулары есепке алынбады.
Жиын соңында мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысын арттыру үшін шараларды күшейту бойынша шешімдер қабылданды және ұсыныстар енгізілді. Бұдан бөлек, МӨЗ-дер үшін сатып алу ережелерін жетілдіруді жалғастыру, сондай-ақ қоймада қосалқы бөлшектер мен шығын материалдар қорының кепілдікті резервін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.
122
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
312
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
159
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету