Главная Новости ҚМГ басшысы Ташкентте бірқатар екіжақты кездесу өткізді
13 мая 2025, 12:47 898

ҚМГ басшысы Ташкентте бірқатар екіжақты кездесу өткізді

ҚМГ басшысы Ташкентте бірқатар екіжақты кездесу өткізді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Ташкент қаласына жұмыс сапары барысында «Өзбекнефтегаз» АҚ (ӨНГ) Басқарма төрағасы Баходиржон Сидиковпен кездесті.

Тараптар биыл наурыз айында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралас аудандарында геологиялық барлау жобаларын іске асыру жоспарларын талқылады. Сондай-ақ компаниялар геологиялық-техникалық деректермен алмасу бойынша ортақ ақпараттық кеңістік құруды жоспарлап отыр және халықаралық мұнай-газ жобаларына бірлесіп қатысу мүмкіндігін қарастыруда.

ҚМГ мен ӨНГ өзара іс-қимылының тағы бір негізгі бағыты — мұнай-химиясы саласы. Сонымен қатар кездесуде 2025 жылы 5 наурызда SOCAR, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Татнефть» ЖАҚ және «Өзбекнефтегаз» АҚ арасында қол қойылған цифрлық технологиялар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы қадамдарды одан әрі ілгерлету мәселесі қозғалды.

— ҚМГ «Өзбекнефтегазбен» өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге үлкен мән береді. Екі компания арасындағы серіктестік жалпы Орталық Азияның энергетикалық секторын дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Біз өзбек әріптестерімізбен барлық негізгі бағыт бойынша жұмыстарды одан әрі белсенді жүргізуге дайынбыз, — деді А.Хасенов.

Сонымен қатар ҚМГ басшысы американдық Air Products компаниясының Орталық Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Вацлав Гарантпен кездесу өткізді. Компания өнеркәсіптік газды өндіруге және жеткізуге маманданған. Аталған компания сутегі өндірісінде — әлемдік көшбасшы. Кездесу барысында Air Products компаниясының Қазақстанның мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларға қатысу перспективалары талқыланды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: