Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінде сортаң жерлерді сауықтыруға, сондай-ақ өлкетану мұражайы мен кітапханаға арналған ғимарат салуға қаражат бөледі.
Рекультивациялау жобасына сай Доссор кентіндегі «Атырау – Құлсары – Ақтау» автожолының бойындағы екі сор басқан учаскені топырақпен жабу жоспарлануда. Жоба эксперименттік сипатта болады, өйткені сортаң жердің мәселесі күрделі әрі жүз пайыз кепілдік бермейді. Сонымен қатар, сор басқан аумақтың бойын көгалдандыру жұмысы жоспарланған. Бұл Доссор кентіндегі тұрғын үйлерді шаң мен сордан қорғауға көмектеседі.
Сортаң топырақ Орталық Азияның шөлді және жартылай шөлді аймақтарында кездеседі. Сортаң жерлер (немесе құрамында тұздың жоғары концентрациясы бар) ауылшаруашылық және басқа да мақсаттарға пайдалануға жарамсыз болып қалады. Доссор кентінде шамамен 35 гектар жерді сор алып жатыр, бұл жерлер аттас мұнай кен орны ашылғанға дейін пайда болған.
«Биыл «ҚазМұнайГаз» Мақат ауданының жүз жылдық мерейтойы қарсаңында маңызды істі қолға алады – Доссор кентіндегі сортаң учаскелерді қалпына келтіруге қаражат бөлеміз. Бұл жерлер жылдар бойы жарамсыз жатты, осы жағдайды өзгерткіміз келеді. Біз алдымызда күрделі міндеттер тұрғанын және табысқа толық кепілдік жоқ екенін түсінеміз. Десе де, бұл жұмыс тұрғын үйлерді шаң мен тұздан қорғауға және аймақтың экологиясын жақсартуға үлес қосу арқылы айтарлықтай пайда әкеледі деп сенеміз», - деп атап өтті Доссор кентіне барған ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» кентте Мақат тарихи-өлкетану мұражайына, №3 кітапханаға және №4 балалар кітапханасына арнап жаңа ғимарат салады.

Қос кітапхана қазір Мақат аудандық мұрағатының ғимаратында орналасқан. Екі кітапхананың 44 мыңнан астам кітап қоры бар. Мақат тарихи-өлкетану мұражайының негізін 1974 жылы ҚазКСР еңбек сіңірген мұғалімі, Мақат ауданының Құрметті азаматы Ораз Сарғұнанов қалаған. Қазіргі уақытта мұражай апатты жағдайда тұрған ғимаратта орналасқан.
«Қазір мұражай мен кітапханалардың жеке ғимараты жоқ, бұл жағдай қынжылтқаны рас. Бұған қарамастан мұражай мен кітапханаларда жергілікті ақындар мен жазушылардың шығармашылығына арналған мәдени іс-шаралар, кездесулер жиі өтіп тұрады, Наурыз және басқа да мерекелер атап өтіледі. Мұндай маңызды мәдени ошақтардың жаңа және заманауи жеке ғимараты болуы керек деп есептейміз», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
57
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
62
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы