Главная Новости ҚМГ және ЕАДБ келісімі: «Астрахань-Маңғыстау» су құбыры қайта құрылады
04 маусым 2021, 15:20 1165

ҚМГ және ЕАДБ келісімі: «Астрахань-Маңғыстау» су құбыры қайта құрылады

ҚМГ және ЕАДБ келісімі: «Астрахань-Маңғыстау» су құбыры қайта құрылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Магистралдық суағызғысы» ЖШС және Еуразиялық даму банкі Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында «Астрахань-Маңғыстау» магистралды су құбырын қайта құру және кеңейту» жобасын қаржыландыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы келісімге сәйкес тараптар жобаны іске асыру аясындағы ықтимал ынтымақтастықтың нақты талаптарын қосымша талқылайтын болады.

«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының тұтынушылары үшін орталықтандырылған жалғыз су көзі болып табылады. 2020 жылы магистралды су құбыры арқылы 28,4 млн текше метр су жеткізілді. 2020 жылдың деректеріне сәйкес құбырмен келетін судың негізгі үлесі коммуналдық кәсіпорындары (53,8%) мен мұнай-газ өндіруші компанияларға (39,4%) тиесілі. Өнеркәсіптік мекемелерге су беру көлемі 5,5%, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілеріне 0,7%, жергілікті халық пен бюджеттік ұйымдарға 0,5%-ды құрайды.

«ҚазМұнайГаз» компаниялары тобы корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік саясатының жоғары стандарттарын ұстанады және өз қызметінің тұрақты даму принциптеріне сай болуын қамтамасыз етуге тырысады. Еліміздің батыс өңірлерін сумен қамту мәселесінің маңыздылығын түсіне отырып, біз «Астрахань - Маңғыстау» су құбырын қайта құру жобасын іске асыруға кірістік. Бұл су құбырының қуатын тәулігіне 110 мың текше метрден 170 мың текше метрге ұлғайтуға мүмкіндік бермек», – деді ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев.

«Жоба банк миссиясының талаптарына түгелдей сай келеді, сондықтан ЕАДБ оған қолдау көрсету бойынша барлық мүмкіндіктерін қарастыратын болады. Сонымен қатар мемлекет барынша дамып жатыр: халық саны өсуде, индустрияландыру жалғасуда. Соған орай суға деген қажеттілік де үнемі артып келеді. «Астрахань - Маңғыстау» су құбырын қайта құру және кеңейту жұмыстары Қазақстанның батыс өңірлерін сумен қамтамассыз ету жөніндегі өзекті мәселенің шешімін табуға септеседі. ЕАДБ тұрақты даму үшін және сумен қамту мәселесімен байланысты басқа да жобаларда жұмыс істеуге дайын», – деп мәлімдеді ЕАДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: