Главная Новости ҚМГ жетілген кен орындарында мұнай өндіруді ұлғайту үшін жаңа технологияларды енгізуде
01 шілде 2024, 09:13 186

ҚМГ жетілген кен орындарында мұнай өндіруді ұлғайту үшін жаңа технологияларды енгізуде

ҚМГ жетілген кен орындарында мұнай өндіруді ұлғайту үшін жаңа технологияларды енгізуде

Астанада өткен кеңейтілген бас қосуда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кен орындарында технологиялық сын-қатерлер бойынша Жол карталары бойынша іс-шаралардың орындалу барысы талқыланды.

ҚМГ кен орындарының түйткілді мәселелерінің бірі – өндірілуі қиынға түсетін қорларды игерумен байланысты. Қазіргі уақытта жетілген кен орындарынан алынатын қалдық қорлар шамамен 450 млн тоннаны құрайды, бұл ретте өндірілуі қиынға түсетін қорлардың үлесі 50%-дан асады.Өндірілуі қиынға түсетін қорлардың басым бөлігі тұтқырлығы жоғары мұнай өткізгіштігі төмен және карбонатты коллекторлары бар кен орындарына шоғырланған.

ҚМГ жетілген кен орындары үшін технологиялық сын-қатерлер Жол картасы бойынша (жалпы саны 70-тен астам) өндірудің 80%-дан астамын қамтамасыз ететін үздік 12 кен орны анықталды. Осы кен орындары бойынша мұнай өндіру коэффициентін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар бекітілді.

Кеңесте өндіріс қарқынан ұлғайту мақсатында қолданылған технологиялардың нәтижелері қаралды (орта МӨК — 38%). Сондай-ақ, ҚМГ әрбір өндіруші кәсіпорнының технологиялық сын-қатерлері бойынша 2028 жылға дейінгі нақты күнтізбелік жоспар ұсынылды. Бұл карталар дайындық жұмыстарын, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарды және кен орындарына тиімді технологияларды енгізуді қамтиды.

ҚМГ басшысы өндірілуі қиынға түсетін мұнай қорларын игеру, рентабельділігі төмен кен орындарынан мұнай өндіру қарқынын арттыру, жөндеу аралық кезеңді ұлғайту, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу сияқты түйінді мәселелерді атап өтті.

«Жаңа технологиялар мұнай өндірудің ұлғаюына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өндірілуі қиынға түсетін мұнай қорларының зор әлеуетін ескере отырып, жетілген кен орындарындағы өндірісті арттыру және МӨК ұлғайту үшін сыналған және ұсынылған технологияларды өнеркәсіптік енгізу тәжірибесін барынша ауқымдандыру қажет», — деп атап өтті кеңесте сөз сөйлеген Асхат Хасенов.

Кеңес нәтижелері бойынша ҚМГ өндіруші компаниялардың алдына нақты міндеттер қойлды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: