Главная Новости ҚМГ Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылады
18 декабря 2025, 16:58 59

ҚМГ Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылады

ҚМГ Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылады

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да «Жұмысшы мамандықтар жылының» салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шара барысында еншілес компаниялардың 58 үздік қызметкері марапатталды. ҚМГ басшысы Асхат Хасенов өзінің құттықтау сөзінде ұлттық компания жұмысшы мамандықтарына ерекше назар аудара отырып, кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін белсенді дамытып жатқанын атап өтті.

— Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ҚМГ қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынуға бағытталған ауқымды бағдарламаларды іске қосты. Сонымен қатар жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жан-жақты жұмыс атқарылып жатыр. ҚМГ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарында 250-ден астам әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылуда, — деді А.Хасенов.

ҚМГ компаниялар тобында кадрлардың әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі әрі маңызды жұмыстар жыл бойы жүргізілді. «ҚМГ Кәсіп» бағдарламасы арқылы 12 жұмысшы мамандық бойынша 270 адам оқып, білімін жетілдірді. Тәжірибе алмасу мақсатында Татнефть, Өзбекнефтегаз, SOCAR, Қарашығанақ және Теңізшевройл серіктес компанияларға 99 маман жіберілді.

250-ден астам студент ҚМГ-ға қарасты кәсіпорындарда дуалды оқудан, сондай-ақ 800-ге жуық студент өндірістік практикадан өтті. Мұнай-газ саласында еңбек ететін жұмысшы әйелдерді дамыту мен қолдауға бағытталған JanAru білім беру бағдарламасына тәуелді және еншілес ұйымдарынан 47 адам қатысты.

«АЛЫП» жобасы аясында 63 жас маман өндірістік процестердің тиімділігін арттыру бойынша түрлі бастамалар ұсынды.Нәтижесінде жүзеге асыру үшін 24 жоба іріктелді, олардың жалпы экономикалық тиімділігі 900 млн теңгені құрайды.

100-ге жуық адам қатысқан KMG Skills кәсіби шеберлік байқауы өзара тәжірибе алмасудың және үздік практикалардың алаңына айналды. ҚМГ-ның қолдауымен Атырау қаласында С.Өтебаев атындағы мұнай-газ университеті жанынан болашақ мамандардың даярлайтын оқу-өндірістік полигоны ашылды. Бұл мұнай газ саласының нақты жағдайына барынша жақын жасалған кешен. Оқу алаңында көмірсутектерді геологиялық барлау мен өндіруден бастап, сервистік қызметтер мен мұнай газ химиясы бағыттарға дейінгі негізгі өндірістік әрі технологиялық процестер қамтылған. Жаңа полигонда 3 мыңнан астам студент дайындықтан өтетін болады.

Кешен заманауи зертханамен, кәсіби дағдыларды жетілдіруге арналған оқу-өндірістік аймақтармен және қондырғылармен, инновациялық шешімдерді тестілеу алаңдарымен жабдықталған. Жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізуді үйрету үшін екі ұңғыма бұрғыланды. Болашақ мамандар практикалық тапсырмаларды орындауы үшін 15 оқу алаңы салынды.

Бұдан бөлек биыл ҚМГ Жастар форумын ұйымдастырып, онда 214 маман өндірістік процестерді басқарудың озық әдістемелерін нақты мысалдар арқылы игеруге, сондай-ақ көшбасшылық және командалық дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік алды. ️

Сонымен қатар «Munaily Marathon–2025» қайырымдылық спорттық іс-шара өткізілді. Барлық жиналған қаражат Жаңаөзен қаласындағы «Балақай» балаларды оңалту орталығына аударылды.

Сөз соңында Асхат Хасенов мұнай газ секторындағы барлық мамандық иелерінің саланың дамуына қосқан зор үлесі мен өз ісіне адалдығын ерекше атап өтіп, қызметкерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: