Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және MOL Group (Мажарстан) арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту аясында мажардың мұнай өңдеу зауытына 85 мың тонна көлемінде Қазақстан мұнайының алғашқы партиясы жөнелтілді.
Новороссийск портынан бастап Хорватияның Омишаль портына дейінгі теңіз тасымалын «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық тасымалдаушы компаниясы (ҚМГ еншілес кәсіпорны) өзінің «Alatau» танкерімен қамтамасыз етті. Аталмыш порттан Мажарстанның Сазхаломбатта мұнай өңдеу зауытына дейінгі тасымалдау Адрия мұнай құбыры арқылы жүзеге асырылады. Бұл мұнай құбырын Хорватияның Jadranski naftovod компаниясы (JANAF) басқарады. Танкер Хорватияға келгеннен кейін ҚМГ, MOL Group және JANAF өкілдерінің кездесуі өтті. Тараптар алдағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚМГ мен MOL Group арасында мұнай жеткізу мәселелеріне қатысты Негіздемелік келісімге қол қойылды.
Бұл бастама Қазақстанға ҚМГ мұнайы экспортының географиясын Еуропалық Одақ нарығы бағытында едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.
Анықтама: MOL Group — халықаралық мұнай-газ компаниясы (Будапешт қаласы). Өзінің қызметін 30-дан аса елде жүргізеді. Мажарстанда, Словакияда және Хорватияда үш мұнай өңдеу және екі мұнай-химия зауытын басқарады. MOL корпорациясының барлау және көмірсутегін өндіру саласында 85 жылдық тәжірибесі бар. ҚазМұнайГаз және MOL Group Батыс Қазақстан облысындағы Рожков газ конденсатты кен орнын бірлесіп игереді.
JANAF — Хорватияның мұнай құбыры жүйесінің операторы. Компания Крк аралындағы мұнай терминалын және Хорватия аумағындағы Адрия мұнай құбырлары жүйесін басқарады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
70
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
79
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы