Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша компанияның шоғырландырылған EBITDA көрсеткіші $469 млн құрап, былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 73% өсті. Таза пайда $269 млн жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 219% ұлғайды. Есепті кезеңде «Петромидия» мұнай өңдеу зауытында 4 млн 87 мың тонна шикізат өңделді.
Бір тәуліктегі орташа өңдеу деңгейі 14,67 мың тоннаны құрап, зауыттың жобалық қуатының шамамен 97% тең болды. Мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3 млн 977 мың тоннаға жетті, оның ішінде: дизель отыны — 1 млн 793 мың тонна;
бензин — 1 млн 103 мың тонна;
Jet A-1 авиациялық отыны — 369 мың тонна.
KMGI-ға қарасты ритейл компанияларының мұнай өнімдерін сату көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5% өсіп, 2 млн 272 мың тоннаға жетті.
Бұған негізінен Румыниядағы көтерме сауданың өсуі және Молдовадағы сатылым көлемінің артуы себеп болды. Румыниядағы басқа (отынға жатпайтын) тауарларды сату және қызмет көрсету көлемі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% өсті.
Бөлшек сауда сегментінің EBITDA көрсеткіші $87 млн құрады. Жалпы, компания операциялық тиімділікті арттыру, өндірістік активтердің сенімділігін қамтамасыз ету және қаржылық тұрақтылықты нығайту бағытындағы іс-шараларды іске асыруды жалғастырып келеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!