Главная Новости KMG International цифрлық экожүйені дамытуда: бірыңғай сараптамалық платформа құрылып жатыр
07 августа 2026, 11:16 49

KMG International цифрлық экожүйені дамытуда: бірыңғай сараптамалық платформа құрылып жатыр

KMG International цифрлық экожүйені дамытуда: бірыңғай сараптамалық платформа құрылып жатыр

KMG International (Rompetrol) өндірістік және бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық трансформация бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл бағытта компанияда IT-әзірлеуші, жоба менеджері және бизнес-бөлімдері сарапшыларының басын қосатын жеке цифрландыру командасы жасақталған. Мұндай тәсіл жаңа цифрлық шешімдерді әзірлеу мен енгізуді жеделдетуге, сырттан қызмет көрсететіндерге тәуелділікті төмендетуге және компанияның ішкі құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Негізгі жобалардың бірі – Бірыңғай сараптамалық платформа (Unified Analytics Platform, UAP), ол алғаш рет мұнай жеткізуден бастап шикізатты өңдеуге, логистикаға, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге және клиенттермен өзара іс-қимылға дейінгі барлық құн қалыптастыру тізбегіндегі деректерді бір жүйеге біріктіреді. Бүгінде платформа мұнай өңдеу зауыттарындағы 34 мыңнан астам өндірістік датчиктен нақты уақыт режимінде ақпарат алып, 50-ден астам негізгі өндірістік есепті автоматты түрде қалыптастырады.

Бұл қызметтің негізгі көрсеткіштерін жедел бақылауға, есептті дайындау уақытын қысқартуға және басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар платформаға өндірістік көрсеткіштерді талдайтын, ауытқуларды анықтайтын және басшылыққа арналған сараптамалық шолуларды қалыптастыратын жасанды интеллект құралдары енгізілген. Бұл ретте бизнес-бөлімдер IT-мамандарының көмегінсіз, тұрақты негізде өздеріне қажетті есептерді дербес жасай алады.

Жобаны іске асыру KMGI тобы бойынша бірыңғай әрі сенімді дереккөзді құрып, цифрлық сервистер мен деректерге негізделген басқару технологияларын одан әрі дамытуға негіз қалайды.

Жалпы, бірыңғай сараптамалық платформа операциялық тиімділікті арттырып, процестердің ашықтығын қамтамасыз етеді. KMG International жасанды интеллектіні қолдана отырып, заманауи технологияларды енгізуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: