Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Отпан» жобасы бойынша Маңғыстау облысында шалғай ауылдарда орналасқан тірек мектептерді дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен Таушық (Түпқараған ауданы), Жетібай (Қарақия ауданы) және Рахат (Жаңаөзен қаласы) ауылдарының мектептерінде 50-ден астам оқу кабинеті мен білім беру кеңістігі жаңартылды.
Негізгі пәндер бойынша кабинеттер, бастауыш сыныптары, технологиялық шеберханалар, сондай-ақ химия, физика және биология пәндеріне арналған цифрлы зертханалар жаңғыртылды.
Оған қоса, түрлі үйірмелерді жүргізуге жағдай жасалды. Үш тірек мектепте робот техникасы кабинеттері, STEM-зертханалар, арт және телестудиялар, сондай-ақ оқушыларға арналған демалыс орындары ашылды. Бұл мектептерде 3,5 мыңнан астам оқушы білім алады, ал ұжымда 380 педагог қызмет етеді.

Таушық, Жетібай және Рахат ауылдарындағы мектептерге жергілікті тұрғындар, мұнай-газ саласының ардагерлері мен ҚМГ өкілдері арнайы келді.
«ҚазМұнайГаз» «Отпан» жобасына белсенді қатысып, өңірдің шалғай ауылдарында білім беруді дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуде. Оқу орындарын жаңғырту оқушылардың заманауи технологиялар мен қосымша білім беру мүмкіндіктеріне қол жеткізуіне жол ашады. Жалпы, ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлерде әлеуметтік жобаларды тұрақты негізде іске асырып келеді», – деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов.

Таушық ауылының тумасы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының тұңғыш президенті Ләззат Қиыновтың ата-анасы осы мектепте мұғалім болып еңбек еткен. Ардагер мұнайшы өз кезегінде мұндай бастамалардың, әсіресе ауылдық жерлерде білім беру инфрақұрылымын дамытудың маңызын атап өтті.
"Білім – қоғам дамуының кепілі. «Отпан» жобасы арқылы ауыл балаларының оқу жағдайы қаншалықты жақсарып жатқанын көргеніме қуаныштымын. Мұндай бастамалар арқылы балаларымыздың жарқын болашағына жол ашатынымызға сенімдімін", – деді мұнай-газ саласының ардагері Л.Қиынов.

Үкімет бастамасымен биыл сәуір айында бастау алған «Отпан» жобасы білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Жобаға Маңғыстау облысының 50 мектебі қатысады, бұл мектептерде 60 мың оқушы оқып, 7 мың педагог жұмыс істейді. Жобаны Білім беруді тұрақты дамыту қоры іске асырады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
52
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы