Главная Новости ҚМГ Қостанайда өрттен зардап шеккен орман алқаптарын қалпына келтіруді жалғастыруда
19 октября 2026, 15:53 38

ҚМГ Қостанайда өрттен зардап шеккен орман алқаптарын қалпына келтіруді жалғастыруда

ҚМГ Қостанайда өрттен зардап шеккен орман алқаптарын қалпына келтіруді жалғастыруда

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын жүзеге асыру аясында ҚазМұнайГаз Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орманды қалпына келтіру бойынша кезекті жұмыстарды жүргізді.

Басаман және Семиозерное орман шаруашылығы мекемелерінің аумағында тамыр жүйесі жабық 300 мың қарағай көшеті отырғызылды. Егілген ағаштардың жалпы ауданы 60 га. Жұмыс өңірдің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп жүргізілді. Бұл жоба - 2025 жылы басталып, 22 га аумаққа 150 мың қарағай көшеті отырғызылған ауқымды жұмыстың жалғасы.

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша жас ағаштардың жерсіну деңгейі жоғары екені анықталды. Бұл орман қорын қалпына келтіру барысында таңдалған тамыр жүйесі жабық ағаштар түрін отырғызуды қолдану тәсілінің тиімділігін көрсетуде. Қарағай көшеттері Щучинск қаласындағы А.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтының базасында өсіріледі.

Отырғызу материалы заманауи технологиялар мен селекциялық сипаттамалары жақсартылған тұқымды пайдалана отырып, мамандандырылған жылыжай кешенінде дайындалады. Бұл технология қайта отырғызу кезінде тамыр жүйесінің сақталуын қамтамасыз етіп, көшеттердің жақсы жерсінуіне ықпал етеді және олардың күрделі табиғи-климаттық жағдайларға төзімділігін арттырады.

Осылайша, екі жыл ішінде ҚМГ Қостанай облысының орман өртінен зардап шеккен аумақтарына 450 мың қарағай көшетін отырғызды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: