Главная Новости ҚМГ мен Chevron Phillips полиэтилен өндірісі бойынша келісімге қол қойды
12 желтоқсан 2022, 09:10 982

ҚМГ мен Chevron Phillips полиэтилен өндірісі бойынша келісімге қол қойды

ҚМГ мен Chevron Phillips полиэтилен өндірісі бойынша келісімге қол қойды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Chevron Phillips Chemical компаниясының технологиялар және жаңа әзірлемелер жөніндегі вице-президенті Венки Чандрашекармен кездесу өткізді. Шара барысында тараптар «Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы – екінші фаза (полиэтилен)» жобасын жүзеге асыру үшін Лицензиялық келісім мен Жобалау туралы шартына қол қойды.

Шарт MarTECH® ADL технологиясы бойынша полиэтилен өндіретін қондырғыға арналған жобалау құжаттамасын әзірлеуді және жылына 625 мың тонна полиэтилен өндіру үшін тиісті лицензия беруді қарастырады. Chevron Phillips Chemical компаниясының технологиясы болашақта қазақстандық зауытта көптеген өнім түрлерін, соның ішінде болжам бойынша алдағы перспективада дүниежүзінде тұрақты ұзақмерзімді сұранысқа ие болатын тығыздығы жоғары премиум сұрыпты полиэтилен шығаруға мүмкіндік береді.

Қуаты жылына 625 мың тонна полиэтилен шығаратын екінші полимерлеу қондырғысы бойынша басқа лицензиармен келіссөздер аяқталуға жақын, келісімге биыл желтоқсан айының ортасына дейін қол қойылады деп күтілуде.

Екі технологиялық қондырғы ортақ қуаты 1 млн 250 мың тонна бірыңғай кешен болып біріктіріледі. Екі жетекші лицензиарды таңдау полиэтиленнің көптеген негізгі және премиум түрлерін шығаруға, сонымен қатар өндіріс пен бәсекелестіктің аса икемді болуына мүмкіндік береді.

«Біз Chevron Phillips Chemical компаниясымен арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Полиэтилен өндіру жобасы бойынша Chevron Phillips Chemical компаниясымен полиэтилен өндіру технологиясының ең оңтайлы конфигурациясы бойынша келісімге келгенімізге қуаныштымын. Осы жұмыс аясында CPChem ағымдағы және болашақ нарық тенденцияларына сай сипаттамалары бар, соның ішінде премиум сапалы полиэтилен өндіріп шығаруды көздейтін технологияны ұсынды», – деді кездесу барысында Мағзұм Мырзағалиев.

Тараптар Лицензиялық келісім мен Жобалау туралы шартына қол қойып, базалық жобаны әзірлеуге кіріседі.

«Бүгін біз екі жақтың табысты жұмысының алғашқы нәтижесін көріп отырмыз. Лицензиялық келісім мен Жобалау туралы шарты дайындалды. Осы құжаттарға қол қою арқылы біз Қазақстан Республикасында ауқымды «Полиэтилен» жобасының жүзеге асырылуына жол ашып отырмыз», – деп қосты ҚМГ басшысы.

Шара аясында мұнай-газ химиясы саласындағы америкалық серіктестерімен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері де талқыланды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: