Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов қытайлық «CITIC Environment» компаниясының бас директоры Лэй Сунмен кездесті. Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру барысын, оның ішінде «Қаражанбасмұнай» АҚ ілеспе қабат суын тұщыту зауытының (ҚСТЗ) жұмысын талқылады. ҚСТЗ-ның жобалық қуаты 17 мың текше метрді құрайды.
Бұл өз кезегінде Астрахань-Маңғышлақ магистральды су құбыры арқылы келетін судың едәуір көлемін өңір халқының қажеттіліктеріне бағыттауға мүмкіндік берді. А.Хасенов зауыттың қажетті өнімділік параметрлеріне тезірек қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
ҚМГ басшысы ұлттық компанияның мұнай-газ саласындағы жобалар бойынша қытайлық әріптестерімен ұзақ жылғы табысты ынтымақтастығын атап өтіп, CITIC Group-пен өзара тиімді байланыстарды жалғастыруға сенім білдірді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта CITIC Group компаниясының басқа еншілес ұйымы CITIC Construction бас мердігер ретінде Ақтау битум зауытының («CASPI BITUM» БК» ЖШС) жылдық қуатын 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жобасын іске асыруда. Бұл кәсіпорынның жол битумын шығаруды жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жоба іске асырылғанда ішкі нарық отандық өндірістің жоғары сапалы жол битумымен толық қамтамасыз етіледі.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
81
11 декабря 11:49
«Самрук-Қазына» представил планы по новым IPO на AIFC Connect в Абу-Даби