Главная Новости ҚМГ мен CNOOC геологиялық барлау саласында ынтымақтастықты кеңейтуде
19 желтоқсан 2024, 10:00 58

ҚМГ мен CNOOC геологиялық барлау саласында ынтымақтастықты кеңейтуде

ҚМГ мен CNOOC геологиялық барлау саласында ынтымақтастықты кеңейтуде

Бейжіңде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов China National Offshore Oil Corporation International Limited (CNOOC) Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Дунцзинмен кездесті.

 

Келіссөз барысында тараптар негізгі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде «Жылыой» жобасын бірлесіп іске асыру барысын талқылады.

2024 жылдың қазан айында ҚМГ мен CNOOC жаңа «Жылыой» жер қойнауын пайдалану жобасы бойынша серіктестіктің негізгі шарттарын айқындайтын келісімге қол қойған болатын.

ҚМГ-ның алдын ала бағалауы бойынша жер қойнауы учаскесінің геологиялық ресурстық әлеуеті 185 миллион тоннадан астам мұнайды құрауы мүмкін.

Сонымен қатар, тараптар өзге де геологиялық барлау жобалары бойынша жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін, CNOOC-дің еншілес сервистік компаниясымен (COSL China Oilfield Services) мұнай және газды барлау, өндіруде инжиниринг мәселелері бойынша өзара іс-қимылды нығайтуды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растап, мұнай-газ саласын дамытуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған ортақ жобаларды табысты іске асыруға сенім білдірді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: