Главная Новости ҚМГ мен CNPC арасындағы ынтымақтастық дамуда
22 октября 2026, 13:07 44

ҚМГ мен CNPC арасындағы ынтымақтастық дамуда

ҚМГ мен CNPC арасындағы ынтымақтастық дамуда

Астанада геология және мұнай-газ кен орындарын игеру мәселелеріне арналған IV Қазақстан – CNPC техникалық семинары басталды.

Іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, Қытайдың CNPC мұнай-газ корпорациясының президенті Чжоу Синьхуай, ҚМГ тобына кіретін геологиялық барлау және инжинирингтік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ сала ардагерлері және жетекші сарапшылар қатысуда.

А.Хасенов өз сөзінде кен орындарда қордың табиғи түрде сарқылуы жағдайында ресурстық базаны толықтыру мұнай-газ саласының стратегиялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі екенін атап өтті. Бұл бағытта ҚазМұнайГаз қолданыстағы кен орындарында, соның ішінде Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы CNPC-мен бірлескен өндіруші активтерде қосымша барлау жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Семинар барысында «Қазгермұнай» компаниясы Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ, Ақсай және Нұралы кен орындарында сейсмикалық деректерді қайта интерпретациялаудың заманауи әдістерін қолдану нәтижелерін таныстырды. 2021–2026 жылдары жеті бағалау ұңғымасы бұрғыланып, оның алтауы мұнай ағынын берді. Нәтижесінде бастапқы алынатын мұнай қорының расталған көлемі 1 млн тоннадан асады.

2027–2029 жылдары тағы төрт бағалау ұңғымасын бұрғылау жоспарланған. Бұл қор көлемін шамамен 500 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сонымен қатар ҚМГ өз күшімен және халықаралық компаниялармен серіктестесе отырып, геологиялық зерттеулердің ауқымын жүйелі түрде кеңейтіп келеді. Бұл ретте жаңа перспективті аумақтар мен тереңде жатқан мұнай-газ кешендерін зерттеуге ерекше назар аударылуда.

Семинарда ҚазМұнайГаз жүргізіп жатқан Оңтүстік Торғай бассейнінің палеозой шөгінділері мен тақтатас мұнайы, Шу-Сарысу бассейнінің аз зерттелген аумақтарын, сондай-ақ Маңғышлақ және Каспий маңы бассейндерінің палеозой кешендерін зерттеу нәтижелері мен перспективалары қаралды. Өз кезегінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Оңтүстік Торғай бассейніндегі геологиялық барлау жұмыстары бойынша тәжірибесімен бөлісті. Компания 2005 жылдан бері 20 мұнай-газ аумақтық учаскені ашып, нәтижесінде алынатын мұнай қоры шамамен 52 млн тоннаға ұлғайды.

Алдағы уақытта Батыс Тұзкөл, Арысқұм және Қызылқия кен орындарында 13 іздеу және бағалау ұңғымасын бұрғылау мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл жұмыстар мұнай шоғырының геологиялық құрылымын нақтылауға, қосымша қорды бағалауға және мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған. Жалпы, геологиялық барлау саласында ҚМГ мен CNPC ынтымақтастығының перспективті бағыттары айқындалған. Олардың қатарында озық технологиялар мен инновациялық тәсілдерді енгізу, сейсмикалық зерттеулер мен деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану, терең ұңғымаларды бұрғылау және сынау, сондай-ақ ауқымды геологиялық-геофизикалық ақпаратты кешенді талдау мен интерпретациялау үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалану бар.  

Семинардың негізгі тақырыптарының бірі ҚМГ-ның мұнай алу коэффициентін ұлғайту стратегиясы болды. Жиында «ҚМГ Инжиниринг» мамандары басымдық берілген 12 кен орны мен 32 игеру нысанына жүргізілген кешенді бағалау нәтижелерін ұсынды. Осы орайда мұнай алу көлемін арттыруға бағытталған заманауи технологиялар портфелі қалыптастырылды. Ол қабат қысымын ұстап тұру жүйелерін оңтайландыруды, көлденең ұңғымаларды бұрғылауды, қабатты гидравликалық жаруды, сондай-ақ қабатқа әсер етудің химиялық және жылу алмастыру әдістерін қолдануды көздейді. 

Болжамды есептеулерге сәйкес, аталған шаралар бес жыл ішінде қосымша 10 млн тонна мұнай көлемін өндіруге мүмкіндік береді. Бұл ретте ғылыми зерттеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізу және тиімділігі жоғары шешімдерді өндіріске енгізу жоспарланған.

▪️Іс-шара барысында полимерлі су айдау технологиясын қолдануды кеңейтуге де ерекше назар аударылды. Бұл технология Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнының алты учаскесінде қолданылуда.

▪️Өз кезегінде Қытайдың мұнай-газ корпорациясы қабаттардың мұнай беру көлемін арттыру үшін газ айдау технологияларын қолдану, Шыңжаң мұнай кен орнындағы тұтқырлығы жоғары мұнай шоғырларын игеру, сондай-ақ бұрғылау мен өндіру саласында тиімділігі жоғары технологияларды пайдалану тәжірибесімен бөлісті.▪️

Жалпы, Қазақстан – CNPC техникалық семинары ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға, озық инженерлік тәжірибелермен алмасуға және Қазақстанның ресурстық базасын толықтыру мен мұнай өндірудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған технологиялық шешімдерді дамытуға ықпал етеді.

— ҚазМұнайГаз бен CNPC арасындағы ұзақмерзімді әріптестік – мұнай-газ саласындағы табысты мемлекетаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі. Біз көмірсутекті өндіру, тасымалдау және өңдеу бағытында көптеген ауқымды жобаны жүзеге асырдық. ҚМГ мамандарының геологиялық-техникалық тәжірибесі мен қытайлық серіктестеріміздің озық технологияларын ұштастыру саладағы жаңа сын-қатерлерді еңсеруге, инновацияларды енгізуге және ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін, — деп түйіндеді А.Хасенов.


									<div class=

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: