Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2023 жылғы 18 шілдеде ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Алматы қаласында өткен Қазақстандағы алғашқы «KPI» полипропилен өндіру кешені мен ресейлік СИБУР мұнай-газ химия саласының жетекші компаниясы ұйымдастырған «Қайта өңдеушілер күні» салалық конференциясына қатысты.
Қайта өңдеушілер күні Қазақстанда полимерлерді (полипропилен және полиэтилен) ішкі тұтынуды және қайта өңдеуді дамыту мүмкіндіктерін айқындауға бағытталған. Бұл іс-шараны өткізудің маңыздылығы жаңа кәсіпорындар құрумен кластерлік тәсілдің дамуына серпін беріп, ел экономикасын нығайтуға ықпал етумен негізделеді.
Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстың арқасында мұнай-газ химиясы жобалары үшін бастапқы шикізат бар, олар: пропан, бутан, параксилол және бензол.
Ресурстық базаны ұлғайту мақсатында Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарының шикізат базасында бірқатар газ өңдеу зауыттарын салу жоспарлануда.
Сонымен қатар қолданыстағы арнайы экономикалық аймақтың арқасында Атырау облысында қуаттылығы 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт салынды, қуаттылығы 1 250 мың тонна полиэтилен өндіретін жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
ҚР Энергетика министрлігі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп базалық полимерлік өнім өндіруден бастап халық және өнеркәсіптік тұтыну тауарларына дейінгі барлық тізбекті құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, бұл әрбір қайта бөлуден кейін қосылған құнды арттыруға мүмкіндік береді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»