Главная Новости ҚМГ мен Eni Жаңаөзенде гибридті электр стансасының құрылысына кірісті
17 шілде 2024, 09:27 667

ҚМГ мен Eni Жаңаөзенде гибридті электр стансасының құрылысына кірісті

ҚМГ мен Eni Жаңаөзенде гибридті электр стансасының құрылысына кірісті

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және италиялық Eni S.p.A. энергетикалық компаниясы Жаңаөзенде күн, жел және газ энергиясымен жұмыс істейтін қуаты 247 МВт гибридті электр стансасының құрылысын бастады.

Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, Eni компаниясының Қазақстандағы басшысы Сегер Хойтинк, энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Парламент Мәжілісінің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаевтың қатысуымен болашақ гибридті электр стансасының құрылысын бастау рәсімі өтті.

Гибридті жоба электр қуатын Eni Plenitude еншілес компаниясының технологиясымен жаңартылатын энергия көздерінен (жел мен күн), сондай-ақ Eni-дің халықаралық өндірістік тәжірибесін қолдана отырып, энергия теңдігі мен тұрақтылығын қамтамсыз ету үшін соғылатын газ электр стансасынан өндіреді.

Күн электр стансасының қуаты 50 МВт, жел электр стансасы – 77 МВт және газ электр стансасы – 120 МВт құрайды. Гибридті электр стансасы ҚМГ-ның өңірдегі еншілес компанияларына, соның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ және Қазақ газ өңдеу зауытына тұрақты электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл электр қуатының жиі үзілуінің кесірінен өндірістің апатты жағдайда тоқтау қаупінің алдын алмақ.

Құрылыс кезеңінде 800 адамға дейін жұмысқа тартылады, ал кәсіпорын іске қосылғанда 70-ке жуық маман жұмыспен қамтылады. Инвестициялар ҚМГ мен Eni есебінен тең деңгейде бөлінетін болады.

Жоба сондай-ақ компанияның қабылдаған стратегиялық мақсаттарына сәйкес декарбонизация бойынша көрсеткіштерге қол жеткізуіне және ҚМГ-ның көміртегі ізін азайтуға ықпал етеді. Гибридті жобада өндірілетін электр энергиясының шамамен 40%-ы толығымен «жасыл» энергияға жатады, бұл көмірқышқыл газы шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

«Мұндай гибридті жоба Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылмақ. Гибридті электр стансасы ҚМГ-ның аймақтағы мұнай өндіруші компаниялары мен газ өңдеу зауытын тұрақты әрі сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Жоба Eni-дің халықаралық өндірістік тәжірибесін пайдалана отырып, әртүрлі технологиялардың инновациялық комбинациясын ұсынады. Сондай-ақ жоба Маңғыстау облысын энергиямен қамтамасыз етуді әртараптандыруды және көміртексіздендіруді көздейді. Оған қоса жаңа кәсіпорын құрылысы өңірдегі жоғары білікті мамандарды жұмыспен қамтуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - деді ҚМГ басшысы Асхат Хасенов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: