Главная Новости ҚМГ мен Exolum Қазақстандағы авиаотын инфрақұрылымын бірлесіп дамытады
28 октября 2026, 12:50 35

ҚМГ мен Exolum Қазақстандағы авиаотын инфрақұрылымын бірлесіп дамытады

ҚМГ мен Exolum Қазақстандағы авиаотын инфрақұрылымын бірлесіп дамытады

Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Exolum» халықаралық тобының авиациялық бағыты жөніндегі аға вице-президенті Иван Муиньомен кездесу өткізді. Мемлекет басшысының еліміздің көлік-логистикалық және транзит әлеуетін кеңейту бойынша алға қойған міндеттері аясындағы авиаотын инфрақұрылымын дамыту үшін ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

✍️Кездесу қорытындысы бойынша ҚМГ, «ҚазМұнайГаз-Аэро» және «Exolum Aviation» компаниялары арасында стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

Құжат отандық әуежайлардың авиаотын инфрақұрылымын дамыту үшін халықаралық инвестицияларды, озық технологияларды және салалық құзыреттерді тартуды көздейді. Exolum үшін Қазақстан нарығына кіруі – бұл Еуразия өңіріндегі қатысуын кеңейтудің бірінші кезеңі болмақ.

▪️Тараптар өзара іс-қимыл аясында жанармай құю кешендері мен авиаотынды сақтауға арналған базалардың құрылысын, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған нысандарды жаңғыртуды қарастырып отыр. Жаңа және жаңартылған инфрақұрылым сапа, қауіпсіздік және пайдалану бойынша Бірлескен инспекциялық топтың (Joint Inspection Group, JIG) талаптарына сәйкес халықаралық Jet A-1 стандартының авиаотынымен жұмыс істеуге бейімделеді.

▪️Өз кезегінде ҚМГ қазақстандық нарықтың сараптамасын, авиация саласының қатысушыларымен өзара іс-қимылды және перспективті жобаларды пысықтауды қамтамасыз етеді.

— Саладағы ірі халықаралық компаниялардың бірімен ынтымақтастық орнату технологиялық жаңартуды жеделдетуге, отын инфрақұрылымын басқарудың озық тәжірибесін енгізуге және Қазақстан арқылы өтетін халықаралық авиатасымалдауды одан әрі ұлғайтуға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ұлттық компания ретінде ҚМГ үшін Exolum тәжірибесі мен технологияларын қазақстандық мамандарға беру, жергілікті кадрлардың кәсіби шеберліктерін дамыту және отын нысандарын пайдалануда заманауи тәсілдерді енгізу ерекше маңызға ие, — деді А.Хасенов.

▪️Жақын арада тараптар кешенді экономикалық талдау жүргізіп, оның нәтижелері бойынша нақты жобалар, инвестиция көлемі, міндеттерді бөлу және алдағы ынтымақтастық кезеңдері анықталады.

Анықтама:
«Exolum» — штаб-пәтері Мадрид қаласында орналасқан, мұнай өнімдерін және басқа да құймалы жүктерді тасымалдауға және сақтауға маманданған халықаралық инфрақұрылымдық топ. Ол Еуропа мен Американың 10 елінде жұмыс істейді. Жалпы ұзындығы шамамен 6 мың км құбырды және жалпы сыйымдылығы 11 млн текше метрден асатын 68 терминалды басқарады.

«Exolum Aviation» — «Exolum» тобының авиация бағытындағы бөлімшесі, отын құю кешендерін және әуе кемелеріне жанармай құю бойынша бірыңғай жүйелерді жобалайды, құрылысын жүргізеді және пайдаланады. Компания Еуропа мен Латын Америкадағы 50 әуежайдың жанармай инфрақұрылымына қызмет көрсетеді. Exolum Aviation — авиаотын сапасы мен қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын дамыту мен қолдану үшін сала өкілдерін біріктіретін JIG қатысушысы.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: