Главная Новости ҚМГ мен Татнефть Атырау обласында Қаратон учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті
25 қараша 2024, 09:24 48

ҚМГ мен Татнефть Атырау обласында Қаратон учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті

ҚМГ мен Татнефть Атырау обласында Қаратон учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ Атырау облысында Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті. Бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов және «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов, сондай-ақ ҚМГ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев қатысты.

«Қаратон Подсолевой учаскесінде алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауды бастау — Қазақстанның ресурстық базасын нығайтуға жасалған маңызды қадам. Бұл жоба біздің қор көлемін ұлғайту және жер қойнауының күрделі учаскелерін игеруге бағытталған стратегиялық міндеттерімізге сай келеді. Татнефть компаниясымен бірлескен күш-жігеріміз нәтижелі болып, еліміздің мұнай-газ саласындағы әлеуетін арттыруға үлес қосатынына сенімдіміз», — деп атап өтті А.Хасенов.

«Каратон Подсолевой» жобасы еліміздегі күрделі кен орындарының инвестициялық тартымдылығын едәуір арттырған Жақсартылған модельдік келісімшарт шеңберінде іске асырылуда. Бұл механизм жер қойнауының күрделі учаскелерін барлау және игеру үшін жағдай жасай отырып, маңызды реттеуші және фискалды преференцияларды ұсынады.

«Біз қазақстандық әріптестермен түрлі бағытта өзара байланыс орнаттық. Бүгінгі іс-шара — сол серіктестігіміздің табысты жалғасының жарқын көрінісі. Қаратон Подсолевой учаскесінің әлеуеті зор, бұл Қазақстан Үкіметінің қолдауының арқасында жаңа табысты ортақ жобалардың негізіне айнала алады», — деп атап өтті «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов.

Жер қойнауында терең орналасқан көмірсутектерді іздеу техникалық тұрғыдан үлкен қиындықтармен қатар жүреді, оған берілген тереңдік, ықтимал жоғары қабат қысымы, күкіртті сутектің болуы және қалың тұз шөгінділерін жатқызуға болады.

Қаратон Подсолевой учаскесі Теңіз ірі кен орны мен «Ембімұнайгаз» компаниясының кен орындарына жақын орналасқан.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: