Главная Новости ҚМГ мұнай-газ химиясы саласы үшін болашақ мамандарды дайындауда
05 ноября 2025, 12:45 183

ҚМГ мұнай-газ химиясы саласы үшін болашақ мамандарды дайындауда

ҚМГ мұнай-газ химиясы саласы үшін болашақ мамандарды дайындауда

Атырау қаласында KMG PetroChem компаниясында QadamPro білім беру бағдарламасына конкурстық іріктеуден өткен студенттер үшін оқу ресми түрде басталды. QadamPro — бұл жай ғана өндірістік тәжірибе емес, болашақ мұнай-газ химиясы мамандары үшін алғашқы қадам.

Бағдарламаның маңызды ерекшеліктерінің бірі — дуалды оқу форматы. Ол толыққанды еңбек өтілі ретінде есептеліп, жас мамандарға нақты карьералық артықшылық береді және бүкіл сала үшін маңызды жобаларға қатысу мүмкіндігін ашады. Іріктеуге Атыраудағы жетекші колледждер мен ЖОО-лардан 65 студент қатысты.

Нәтижесінде 22 үздік үміткер бағдарлама қатысушысы атанып, негізгі өндірістік бағыттар бойынша квоталарға ие болды:

  • химиялық талдау зертханашылары;
  • сорғы және компрессор қондырғыларының машинистері;
  • технологиялық қондырғылар операторлары;
  • электр монтерлері;
  • бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарьлері және тағы басқалар.

Бүгінде QadamPro бағдарламасының алғашқы тобы оқуын бастады. Студенттер ротация форматында білім алады: бір кезеңде — компанияда, келесі кезеңде — оқу орнында, осылайша теория мен тәжірибені қатар меңгереді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: