Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
KMG PetroChem, СНПС-Ақтөбемұнайгаз және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясымен серіктестікте карбамид тыңайтқышын егіс алқаптарында сынауға кірісті.
Бұл бастама отандық агро саласы қызметкерлерімен бірлесіп, тыңайтқыштың ауыл шаруашылығы өндірісінде қолдану тиімділігіне ғылыми тұрғыда баға беру, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізу мақсатында іске асырылуда.
Алғашқы сынақ алаңы ретінде Алматы облысындағы «ҚазҒЗИ егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ЖШС алқабы таңдалды.
Жоба аясында жалпы көлемі 600 гектарға жуық аумаққа 90 тонна карбамид себу жоспарланған. Ғылыми тұрғыда бақылауды қазақстандық жетекші ғалымдар. Топырақ пен өсімдік сынамаларын іріктеу бүкіл вегетациялық кезеңде жүргізіледі.
Естеріңізге салып өтейік, KMG PetroChem мұнай-газ химиясы саласында халықаралық тәжірибесі бар қытайлық ірі компаниялардың бірі – CNPC-мен серіктестікте Ақтөбе облысының қуаты жылына 800 мың тоннаға дейін азотты тыңайтқыш шығаратын зауыт құрылысын пысықтауда.