Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2025 жылғы 10 қазанда «KMG PetroChem» ЖШС «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық» (IMBC) қауымдастығына мүшелік туралы келісімге қол қойды.
IMBC қауымдастығының мүшесі атану компанияға қазақстандық өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге, мұнай-газ және мұнай-газ химиясы салаларындағы жобаларда жергілікті қамтуды арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Келісім аясында KMG PetroChem және IMBC ақпараттық өзара алмасуды, сондай-ақ қазақстандық жабдықтар өндірісін жергіліктендіруге және отандық өндірушілермен өзара іс-қимыл сапасын арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды дамытуға ниетті. Бұдан бөлек, тараптар перспективалы тауар санаттары бойынша деректер мен ұсынымдар алмасуды жоспарлап отыр.
«IMBC қауымдастығына мүшелік бізге отандық мұнай-газ машина жасау экожүйесін қалыптастыруға белсенді қатысуға және жобаларымызда қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді», – деді «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасы Диас Диянов.
KMG PetroChem компаниясының қауымдастық жұмысына қатысуы Қазақстандағы индустриялық кооперацияның дамуына және инвестициялық жобаларды ынталандыруға өз үлесін қосады. Ынтымақтастықтың маңызды бағыты – жергілікті қамтуды дамыту жоспарларын әзірлеуге қатысу және технология деңгейі мен бәсекеге қабілетін арттыруға ұмтылатын отандық өндірушілерді қолдау.
Ұзақмерзімді перспективада IMBC мүшесі болу компания үшін тәжірибе алмасуға, озық халықаралық стандарттарды енгізуге және ірі мұнай-газ химиясы жобаларына жергілікті тауар жеткізушілерді тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған қосымша алаң қалыптастырады.
Сонымен қатар халықаралық компаниялармен және жабдық өндірушілермен (OEM) ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінбек. Бұл бағыт KMG PetroChem компаниясына жаңа технологияларды енгізуге, үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалануға және Қазақстан аумағында жергілікті өндірісті дамытуға жол ашады.
IMBC қауымдастығы өз кезегінде мұнай-газ саласының жетекші компанияларын, өндірушілер мен жеткізушілерді біріктірген және бизнес пен мемлекет, сарапшылар қауымдастығы арасындағы сындарлы диалогтың негізгі алаңы болып табылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы