Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«KMG PetroChem» компаниясының бастамасымен қолға алынған «Leadership: Мұнай-газ химиясындағы көшбасшылық және мансаптық мүмкіндіктер» атты диалог алаңының екінші кездесуі бүгін Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университеті базасында өтті.
Бұл жолы қатысушылар қатарында елдің үш жетекші жоғары оқу орны — ҚБТУ, Satbayev University және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ мұнай-газ химиясы саласының сарапшылары мен компания басшылығы болды.
Leadership — студенттер мен өндіріс өкілдері арасындағы тікелей диалог алаңы. Жоба жастарға мамандарға қойылатын талаптар, нақты өндірістік тәжірибе мен мансаптық мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында KMG PetroChem мен үш университет арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл келісімдер аясында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, студенттерге арналған өндірістік тәжірибе мен тағылымдамалар ұйымдастыру, сондай-ақ компания қызметкерлері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру көзделген.