Главная Новости ҚМГ серіктестерімен болашақ қазақстандық инженерлерді даярлауды жалғастыруда
15 июля 2026, 12:56 35

ҚМГ серіктестерімен болашақ қазақстандық инженерлерді даярлауды жалғастыруда

ҚМГ серіктестерімен болашақ қазақстандық инженерлерді даярлауды жалғастыруда

Силлено полиэтилен өндіру зауытының құрылыс жобасы аясында TRAiming the Future білім беру бағдарламасының екінші легі басталды. Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының 31 студенті алты айлық даярлау бағдарламасына кірісті. Олар 140 үміткер қатысқан көпсатылы іріктеу қорытындысы бойынша таңдап алынды.

Бағдарламаға Nazarbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Satbayev University, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы және Yessenov University студенттері қатысуда. Оның ішінде 15 қатысушы – Атырау мұнай және газ университетінің студенттері.

Бағдарлама теориялық және практикалық екі кезеңнен тұрады. Алғашқы үш айда қатысушылар онлайн форматта білім алады, содан кейін Tecnicas Reunidas компаниясының Мадрид қаласындағы бас кеңсесінде тағылымдамадан өтеді. Болашақ инженерлер халықаралық EPC-жобаларды іске асыру қағидаттарын меңгеріп, компания мамандарының жетекшілігімен негізгі инженерлік бағыттар бойынша білім алады. Бағдарлама толықтай Tecnicas Reunidas компаниясының қаржыландыруымен жүзеге асырылады.

Бағдарламаның алғашқы легі өз тиімділігін көрсетті: 31 студент оқуын сәтті аяқтап, олардың 22-сі TR компаниясынан жұмысқа шақыру алды. Бүгінде жас мамандардың бір бөлігі Атыраудағы Силлено зауытының құрылыс жобасында еңбек етсе, қалғандары испаниялық компанияның Мадрид қаласындағы бас кеңсесінде жұмыс істейді. 

Бағдарлама «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Атырау облысында салынып жатқан полиэтилен зауыты құрылысының EPC-мердігерлерінің бірі – Tecnicas Reunidas (TR) компаниясының бірлескен бастамасымен әзірленген. Төрт жыл ішінде халықаралық стандарттар бойынша практикалық тәжірибе жинақтап, Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласының дамуына үлес қоса алатын 120-дан астам жас қазақстандық инженерді даярлау жоспарланып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: