Главная Новости «ҚМГ спартакиадасы – 2023»: Қаражанбас чемпиондары анықталды
23 мамыр 2023, 09:13 923

«ҚМГ спартакиадасы – 2023»: Қаражанбас чемпиондары анықталды

«ҚМГ спартакиадасы – 2023»: Қаражанбас чемпиондары анықталды

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ спартакиадасы – спортқа бейім мұнайшыларды жеңіске жетелейтін тартысты дода. Қаражанбастың намысын қорғауды мақсат еткен І және ІІ вахта үздіктері облыс орталығында 7 спорт түрінен өзара сынға түсіп, чемпиондар есімі белгілі болды.

Іріктеу ойындары шағын футбол, волейбол, баскетбол жарыстарынан басталды. Аяқдоп пен волейболдан ІІ ауысым құрамасы үздік ойын көрсетіп, шашасына шаң жұқтырмады. Ал баскетбол бәсекесінде І вахта намысты қолдан бермей, жеңіс тұғырынан көрінді.

Бұдан соң білекті мұнайшылар қол күресте бағы мен бабын сарапқа салды. Нәтижесінде 80 келіге дейінгі салмақта №2 Ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу цехының (ҰЖКЖЦ) бұрғышы көмекшісі Жұмат Сағындыков үздік атанды. Сондай-ақ 80+ келі салмақ дәрежесі бойынша бу өндіру цехының (БӨЦ) машинисі Бақтияр Тулеубаев келесі кезеңге жолдама алды.

 

Ұлттық ойындар да назардан тыс қалмады. Қаражанбастықтар асық ату шеберлігін паш етіп, тоғызқұмалақ сайысында зияткерлік қабілеті мен есепке жүйріктігін дәлелдеді. Қорытындыға сәйкес, №1 мұнай өндіру цехының (МӨЦ) операторы Бейбарыс Мүлкібаев асық атудан алға шықса, №3 МӨЦ операторы Бернұр Ғабдірасылұлы тоғызқұмалақтан алдына жан салмады.

Биылғы ерекшелік - мұнайшылар киберспорт бағытында сайысқа түсті. Компьютерлік ойындарды бес саусағындай меңгерген жігіттер заманауи жарыста үздік атануға барын салды. Дегенмен жеңіс ІІ вахта командасына бұйырды.

Енді қос ауысым спортшыларын шахмат, үстел теннисі мен жүзуден іріктеу жарыстары күтіп тұр. Айта кетейік, Қаражанас чемпиондары келесі кезеңде өзге мұнай компания үздіктерімен сынға түседі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: