Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде тұрғындармен кездескен ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Көкшетауда ЖЭО құрылысының кешігу себептерін атады, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, Ақмола облысын жылумен жабдықтаудың негізгі көздері Степногордегі ЖЭО және «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының қазандықтары болып отыр. Олардың белгіленген жиынтық қуаты сағатына 1,6 мың Гкал, ал қолданыстағы қуаты сағатына 1,1 мың Гкал-ды құрайды. Степногор ЖЭО-ның орташа тозуы 76 пайызды, ал «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының қазандық жабдығы 63,1 пайызды құрайды.
«Бүгінгі таңда қалада тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде, көп қабатты тұрғын үйлер, кәсіпорындар мен әлеуметтік сала нысандары салынуда. Осыған байланысты Көкшетауда жылумен қамтамасыз ету көзі мәселесі туындап отыр. Жұмыс істеп тұрған жылу қазандықтарының қуаты жеткіліксіз. Ол үшін бүгінгі күні жылу қуаты сағатына 520 Гкал-ды құрайтын Көкшетау ЖЭО құрылысы қарастырылуда», - дейді министр.
Осы ретте, министр Мемлекет басшысының жеке бақылауында тұрған Көкшетау ЖЭО құрылысы салу сияқты маңызды мәселенің шешімі неліктен ұзаққа созылып отырғанын атап өтті.
«Бастапқыда біз жобалаған станция газбен жұмыс істейді деп жоспарладық. Өкінішке орай, Көкшетау қаласына газ құбырын жеткізу аяқталмауына байланысты, яғни, Нұр-Сұлтан қаласынан «Сарыарқа» газ құбырын жалғастыруды айып отырмын, бұл жоба іске асырылмады, сондықтан жобалаумен уақыт созылып кетті. Енді біз станция болашақта газға ауыса отырып, көмірді отын ретінде пайдалануы керек деп шештік. Қыркүйек айында аукцион өткізіледі. Аукцион ашық болады, оған станция құрылысын қолға алғысы келетін қатысады. Ең төменгі тариф және ең жақсы шарттарды ұсынғандар станция таңдап алынады. Содан кейін ғана кейін ЖЭО құрылысы бойынша жұмыстар басталады», - деп толықтырды Болат Ақшолақов.
Айта кетсек, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру үшін 2 нұсқа пысықталуда.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!