Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Көлік қызметкерлері күніне және Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай «Мәңгілік Ел» Салтанат қақпасы жанында орналасқан елордалық «Теміржолшылар алаңын» болат магистраль мамандықтарын бейнелейтін мүсіндер сериясымен безендірді.
Ашылу салтанаты сала ардагерлері мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы өкілдерінің қатысуымен өтті. Әрбір мүсін кез-келген кәсіптегі ең бастысы - еңбек адамы екенін паш етеді. Белгіленген композицияда жолсеріктің, машинистің және жолшының шағын архитектуралық формалары ұсынылған.
Сәулет пішіндерінің авторы - белгілі мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Мансұров.

Көріністер теміржол магистралінің қуатты күшінің белгісі - ел экономикасының берік тірегі ретінде қоладан жасалғаны маңызды.
«Теміржолшылар алаңы» 2023 жылдың тамыз айында елорда тұрғындары мен қонақтарына Көлік қызметкерлері күніне орай «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы сыйға тартты. 1 га алаңда 300 жуық жапырақты ағаштар (үйеңкі, жөке, мойыл және басқалары), 3000 астам бұталар мен гүлдер отырғызылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
81
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы