Главная Новости Қолжетімді медициналық қызметтер бір мобильді кешенде
16 февраля 2026, 16:04 50

Қолжетімді медициналық қызметтер бір мобильді кешенде

Қолжетімді медициналық қызметтер бір мобильді кешенде

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану жобаларын енгізуді жалғастыруда. Солардың бірі — «Қазақтелеком» АҚ серіктесі MED365 компаниясымен бірлесіп іске асырып жатқан «Телемедицинаның цифрлық сервисі» жобасы. Бұл – тасымалдауға ыңғайлы форматтағы мобильді медициналық кешен. Оның көмегімен қан қысымын, жүрек соғысын, дене температурасын, салмақты, өкпенің көлемін өлшеуге, ЭКГ түсіруге, ұрықтың допплерлік зерттеуін және УДЗ жүргізуге, сондай-ақ талдамалар алуға болады. Барлық деректер бірден планшетке түсіп, автоматты түрде талданады.

Қажет болған жағдайда фельдшер немесе медицина қызметкері бейнебайланыс арқылы бейінді дәрігермен жедел хабарласып, толық кеңес ала алады. Шешім медициналық ақпараттық жүйелермен біріктірілгендіктен, тексеру нәтижелері бірден пациенттің цифрлық медициналық картасына жіберіледі. Мобильді кешенді стационарда да, үйге бару кезінде — шұғыл әрі жоспарлы шақыртулар кезінде де қолдануға болады.

Пилоттық жобалар Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы ауылдық медицина мекемелерінде, Астана мен Алматы қалаларының емханаларында, сондай-ақ ҚАЖК мекемелерінің санитарлық бөлімдерінде іске қосылды. Бұдан бөлек, телемедицинаның цифрлық сервисі Ақмола облысының Ақкөл ауданында коммерциялық негізде қолданылуда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: