Главная Новости Көлік комитеті: Каспийде халықаралық круиз 2023 жылы іске қосылуы мүмкін
12 шілде 2022, 16:30 1170

Көлік комитеті: Каспийде халықаралық круиз 2023 жылы іске қосылуы мүмкін

Көлік комитеті: Каспийде халықаралық круиз 2023 жылы іске қосылуы мүмкін

Бұл шеңберлі туристік маршрут іске қосылса, 5 мемлекетті бір сапарда аралауға болады.

Қазақстан – Түрікменстан – Иран – Әзербайжан – Ресей мемлекеттерінің арасын жалғайтын шеңберлі круиздік маршрут келесі жылы іске қосылуы мүмкін. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

«Каспий айдынында круиздік туризмді дамыту бағытында шектесіп жатқан 5 мемлекет өз тарапынан тиісті жұмыстарды атқарып, негізгі мәселелерді шешіп жатыр. Мысалы, біз жақтан Ақтау қаласының қалай түрленгенін көріп отырсыздар. Жағалау абаттандырылып, қонақүйлер бой көтерді. Маңғыстау облысының, Ақтау қаласының туризм саласындағы әлеуеті зор. Біздің ендігі күтіп отырғанымыз – круиз лайнері. Оны Ресей тарапы Астраханьда салып жатыр. «Русь Великая» деген кеме болады. Келесі салынып болады-ау деймін», – деді комитет өкілі.

Сондай-ақ, ол аталған круиз лайнерінің қандай маршрутпен қатынайтынын айтты.

«Содан кейін осы маршрут ашылады. Яғни, Астраханьнан бастап Ақтауға, Ақтаудан Түрікменстанның «Аваза» деген демалыс базасына, одан әрі қарай Иранның Намирабадына, Намирабадтан Бау мен Махачкалаға қатынайды. Осылайша болашақта 5 мемлекетті аралайтын шеңберлі туристік маршрут болады», – деді Қасым Тілепов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: