Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Алматы логистика және көлік академиясы көлік колледжінің 80 астам студенті "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның "Экспресс" филиалында пойыздар жолсеріктері ретінде жазғы тәжірибеден өтеді. Студенттерді қабылдау ҚТЖ-ның жыл сайынғы "Жазғы студенттік отрядтары" жобасы аясында өтуде.
Студенттер Алматы — Семей және Алматы – Защита бағыттары бойынша пойыздарда еңбек етеді. Жұмыста оларға әбден ысылған әріптестері көмек көрсетеді.
Іс жүзінде олар клиентке бағдарланған жолаушыларға қызмет көрсету дағдыларын алады, мінсіз қызмет көрсету әдістерін меңгереді, пойыздарда көрсетілетін қызметтер түрлері мен сапасы туралы біледі.
Жұмыс қорытындысы бойынша өзін жақсы жағынан көрсеткен студенттер одан әрі жұмысқа орналасуға шақырылады.
"Жазғы студенттік отрядтары" жобасы кадрлық әлеуетті дамытуға, жұмысқа орналастырылған жас мамандардың үлесін арттыруға, бейінді оқу орындарының жұмыс берушімен тиімді өзара іс-қимылына және студенттердің білімін практикалық қолдануға бағытталған.
Осы жоба аясында логистика және көлік академиясының 18 студенті Достық және Алматы станцияларында жол монтері болып жұмысқа орналастырылды.
Барлық студенттермен мерзімді еңбек шарттары жасалады, оларға штат кестесіне сәйкес жалақы төленеді.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!