Главная Новости Қолы "алтын" автоэлектрик
02 ақпан 2021, 15:14 967

Қолы "алтын" автоэлектрик

Қолы "алтын" автоэлектрик

Ұжымына үлгі болып, жастарға көрген-білгенін үйретуге барын салатын білікті маманның бірі – «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС 6-дәрежелі автомеханигі Түркпенбай Кибасов.

1961 жылы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылында дүниеге келген ол 2004 жылдан бері Қаражанбас кен орнында қызмет етеді. Қара алтын игеру жолындағы 17 жыл ішінде өзін тек қана жақсы қырынан көрсете білген маман техникалық білім-білігімен де ерекшеленеді.

«Кейде уақыттың жүйріктігіне қайран қаламын. Қаражанбасқа күні кеше қадам басқан сияқты едім. Көзді ашып-жұмғанша 17 жыл уақыт өтіпті. Ұжымдағы жігіттермен бір үйдің баласындай тату әрі қамқормыз. Барлығы «ағалап» тұрады. Олардың бауырмалдығы жаныма жылулық береді. Бұл да маған жаратқаннан берілген үлкен бақыт деп білемін», – дейді ол.

Автоэлектриктің аналитикалық, логикалық және техникалық ойлау дағдысы ерекше дамыған болуы керек. Себебі, кен орнында көлік үнемі қозғалыста. Ал техникада ток жағынан мәселе туындаса, Түркпенбай Кибасов сияқты мамандардың көмегі ауадай қажет. Оның саусағының ұшы тиген көлік кен орнында құстай ұшады. Қызмет барысында ол әр құралына қамқорлықпен, сайманына сүйіспеншілікпен қарап, ұқыпты ұстауға тырысады.

«Әсіресе қыс мезгілінде көліктердің оталмай қалу жағдайы жиілейді ғой. Бұл менің жұмысымдағы үнемі кездесетін іс. Оның неден болғанын анықтап, жөндеп, көлікті қатарға қосу – менің тікелей міндетім. Жұмысым өзіме қатты ұнайды», – дейді Түркпенбай Кибасов.

Жастарға үлгі, ұжымда абыройлы азамат 2021 жылдың қаңтар айында 60 жастың асқарына шықты. Ел игілігі үшін Қаражанбас кен орнында күні-түні қалтқысыз қызмет етіп жүрген жанымыздағы жақсы адамға мықты денсаулық, абыройының асқақтай беруін тілейміз!

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: